https://sputnik.kz/20240629/abay-oblysyndagy-alapat-orman-orti-bir-zhyldan-keyingi-zhagday-qanday-45302696.html
Абай облысындағы алапат орман өрті: бір жылдан кейінгі жағдай қандай
Абай облысындағы алапат орман өрті: бір жылдан кейінгі жағдай қандай
Sputnik Қазақстан
Былтыр болған алапат орман өрті 10-нан астам адамның өмірін қиды 29.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-29T15:21+0500
2024-06-29T15:21+0500
2024-06-29T15:32+0500
семей
өрт
орман өрті
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1d/45301101_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_3f79360c113659f8fc5561592fae8241.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Экология министрі "Семей орманы" табиғи резерватының (Семей орманы) аумағында былтырғы өрттен кейінгі тазарту жұмыстарымен және қазіргі ахуалымен танысты, деп хабарлайды экология министрлігі.Өрт болған жер жаңа технологиялармен тазартылған. Экология министрі Еран Нысанбаев өрт шарпыған аумақтың жағдайын өзі барып көрді.Еске сала кетейік, былтыр 8 маусымда Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман алқабы өртенді. Өртте "Семей Орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты, кейін орманшылықтың тағы бір қызметкерінің денесі табылды. Өрттің сөндірілгені туралы 15 маусымда хабарланды.Бас прокуратура "Семей Орманы" резерваты мен Новошульба филиалының басшылығы өртті сөндіруді ұйымдастыруда заңмен жүктелген өкілеттіктерді орындамағаны, жағдайды дұрыс бағаламағаны және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін айыпталды. Салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соқтырғанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20230614/semey-ormany-qalay-ortendi--ush-nusqa-qaralyp-zhatyr---35935612.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1d/45301101_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_7afe5df3892ddb61022703151c33433b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, өрт, орман өрті
Абай облысындағы алапат орман өрті: бір жылдан кейінгі жағдай қандай
15:21 29.06.2024 (жаңартылды: 15:32 29.06.2024) Былтыр болған алапат орман өрті 10-нан астам адамның өмірін қиды
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Экология министрі "Семей орманы" табиғи резерватының (Семей орманы) аумағында былтырғы өрттен кейінгі тазарту жұмыстарымен және қазіргі ахуалымен танысты, деп хабарлайды экология министрлігі.
Өрт болған жер жаңа технологиялармен тазартылған. Экология министрі Еран Нысанбаев өрт шарпыған аумақтың жағдайын өзі барып көрді.
Еске сала кетейік, былтыр 8 маусымда Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман алқабы өртенді. Өртте "Семей Орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты, кейін орманшылықтың тағы бір қызметкерінің денесі табылды. Өрттің сөндірілгені туралы 15 маусымда хабарланды.
Бас прокуратура "Семей Орманы" резерваты мен Новошульба филиалының басшылығы өртті сөндіруді ұйымдастыруда заңмен жүктелген өкілеттіктерді орындамағаны, жағдайды дұрыс бағаламағаны және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін айыпталды. Салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соқтырғанын мәлімдеді.