Иордания ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға мүдделі

© PhotoСауда министрі Андрей Слепневтің Иорданияның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Халид Шавабкамен кездесуі өтті
Сауда министрі Андрей Слепневтің Иорданияның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Халид Шавабкамен кездесуі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Жазылу
Иордания тарапы Еуразиялық экономикалық одақпен сауда және инвестициялар саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға өзінің мүдделілігін білдірді
АСТАНА, 25 наурыз — Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында сауда министрі Андрей Слепневтің Иорданияның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Халид Шавабкамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Иордания тарапы Еуразиялық экономикалық одақпен сауда және инвестициялар саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ еркін сауда туралы келісім жасасуға өзінің мүдделілігін білдірді.
"Дайындығыңыз үшін көп рахмет. Біз бұл мәселені барлық елдермен барынша жедел пысықтауға бар күшімізді саламыз және қабылданған шешім туралы Иорданияға хабарлаймыз", – деді Андрей Слепнев.
Бұдан бөлек 2017 жылы қол қойылған Еуразиялық экономикалық комиссия мен Иордания Хашимит корольдігінің үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы меморандум шеңберінде жұмысты жалғастырудың маңыздылығы аталып өтті. Бұл ретте иордан тарапының тиісті байланысты жандандыру туралы бастамасы қолдау тапты.
Города мира. Тегеран - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім 15 мамырда күшіне енеді
Жаңалықтар
0