ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім 15 мамырда күшіне енеді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуГорода мира. Тегеран
Города мира. Тегеран - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Иран Ислам Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы еркін сауда туралы толықформатты келісімнің күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы ресми хабарлама алды.
Бұған дейін 2025 жылдың қаңтарында иран тарапына ЕАЭО-дағы барлық рәсім аяқталғаны туралы хабарлама жіберілген болатын.
"Келісім ережесіне сәйкес, қажетті рәсімдердің аяқталғанын растайтын нота алмасудан кейін құжат күшіне енуі үшін 60 күндік мерзім қарастырылған. Осылайша, келісім 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енеді", - деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Жаңа келісімді жүзеге асыру елдер арасындағы сауданы дамытудың тиімді құралына айналады және жақын болашақта өзара тауар айналымын рекордтық 12 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қазіргі көлемнің шамамен екі еселенгенін білдіреді.
2019 жылдан бастап ЕАЭО мен Иран арасындағы уақытша келісім күшіне еніп, тауарлардың шектеулі саны үшін еркін сауда аймағын құруға ықпал етті. 2023 жылдың 25 желтоқсанында Санкт-Петербургте еркін сауда туралы толықформатты келісімге қол қойылды, онда тараптар арасында барлық тауардың 90%-ға жуығына бажсыз режим белгіленді.
ЕАЭО эмблемалары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы қандай - статистика
Жаңалықтар
0