Жетісу облысында полицейлер суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарып қалды

© Photo : СС0 / Free-PhotosЛодка на берегу моря
Лодка на берегу моря - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Жазылу
Балық аулап жүрген ер адамның бірі суға құлағанда екіншісі оны құтқармақ болған
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Жетісу облысы Ескелді ауданында полицейлер суға батып бара жатқан балықшыларды аман алып қалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 23 наурыз кешкі сағат 21:14-те болған. Балық аулап жүрген ер адамның бірі суға құлағанда екіншісі оны құтқармақ болған. Алайда екеуінің де жағдайы нашарлаған.
"Ескелді аудандық полициясының кезекші бөліміне дабыл қоңырауы түсті. Техникалық тоғанда қайық аударылып, екі ер адам мұздай суға түсіп кеткен", - дейді ведомство.
Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипажы – капитан Мұхтар Нұрмұхамбетов пен лейтенант Бекқазы Байбол жеткен.
"Капитан Нұрмұхамбетов мұздай суға секіріп, оларға қарай жүзе жөнелген. Бірі әбден әлсіреп қалған, тіпті аяғы балық аулау торына шырмалып қалыпты. Ал екіншісі аударылған қайыққа жармасып үлгергенімен, қатты тоңып, әлсірей бастаған", - дейді полиция.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар мамандары да дереу жеткен. Олар екінші ер адамды судан алып шыққан.
Құтқарылғандар – 62 жастағы Асхат Шаяхметов пен 36 жастағы Аман Оспанов өзін аман алып қалған мамандарға алғысын білдірді.
Подледная рыбалка на Капчагайском водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Үш балықшының мәйіті табылды
Жаңалықтар
0