Үш балықшының мәйіті табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПодледная рыбалка на Капчагайском водохранилище
Подледная рыбалка на Капчагайском водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Жазылу
Топар кентіндегі Шерубай-Нұра су қоймасында тағы бір балықшы іздестіріліп жатыр
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында үш балықшының мәйіті табылып, біреуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
20 наурызда Теміртау қаласындағы Самарқан су қоймасында үш балықшы мұз астына суға батып кеткен.
"Ауа райы күрт жылынып, мұз жұқарған. Балықшылар қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған", - дейді ведомство.
Суға батып кеткен адамдарда құтқару кеудешелері болмаған және олар ескерту белгілеріне қарамастан қауіпті аймаққа шыққан.
Дәл осындай қайғылы жағдай Топар кентіндегі Шерубай-Нұра су қоймасында да болған. Онда балық аулаудан оралмаған тағы бір балықшы іздестірілуде.
"Қазір су айдындарында мұз өте жұқа, қауіпті. Оның салдары өлімге әкелуі мүмкін. Кешкі уақытта, мұздың қату және еру кезеңдерінде мұзға шығуға тыйым салынады", - деп жазды құтқарушылар.
Қар құрсауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2024
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Жаңалықтар
0