Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен АҚШ Украина дағдарысын шешкісі келеді – Песков

© Sputnik / Алексей ФилипповФлаги России и США
Флаги России и США - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Ресей мен АҚШ Украина дағдарысын шешкісі келеді, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Бұған дейін Америка басшысы Дональд Трамп АҚШ, Украина және Ресей қақтығысты реттеу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізгенін айтқан болатын.
"Әрине, реттеуге (Украина дағдарысын – ред.) қатысты әлі де көптеген аспектіні пысықтау керек", - деді Песков журналистердің "Ресей мен АҚШ шынымен келісе алды ма, әлде Трамптың бағалауы тым оптимистік сипатта болды ма?" деген сұрағына жауап бере отырып.
Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөз дүйсенбі күні Эр-Риядта басталды.
Келіссөзде, ең алдымен, президенттер Владимир Путин мен Дональд Трамптың соңғы телефон байланысы кезінде талқыланған Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігіне қатысты бастаманы қайта бастау мүмкіндігі талқыланады деп болжануда.
Сонымен бірге Кремль Эр-Риядтағы келіссөзде Қара теңіз бастамасынан бөлек, Украина мәселесін реттеуге қатысты басқа да аспектілер талқылануы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Архивное фото Эр-Рияда - столицы Саудовской Аравии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Эр-Риядта Ресей және АҚШ делегацияларының келіссөзі өтіп жатыр
Жаңалықтар
0