Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Эр-Риядта Ресей және АҚШ делегацияларының келіссөзі өтіп жатыр

© Sputnik / Александр Юрьев / Медиабанкке өтуАрхивное фото Эр-Рияда - столицы Саудовской Аравии
Архивное фото Эр-Рияда - столицы Саудовской Аравии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Сауд Арабиясында Ресей-Америка келіссөзі басталды, деп хабарлады Al Arabiya телеарнасы.
Отырыс жабық форматта өтеді. Сауд Арабиясының мемлекеттік қауіпсіздік қызметі журналистерден Ritz-Carlton қонақүйінен шығуды сұрады.
Келіссөздерге Ресей тарапынан Федерация кеңесі халықаралық комитетінің басшысы Григорий Карасин мен ФСБ директорының кеңесшісі Сергей Беседа қатысуда.
Диалог Қара теңіз бастамасы тақырыбына арналады. Кремль кездесуде Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты басқа да аспектілер талқылануы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Бір күн бұрын Вашингтон делегациясы Эр-Риядта құрамына Владимир Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары Павел Палиса және Украина Қарулы күштері бас штабының бұрынғы бастығы, қазіргі Украина Қорғаныс министрлігінің бас инспекторы Анатолий Баргилевич енген Киев делегациясымен кездесті.
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Киев сайлау өткізуге келісті – Трамптың арнайы өкілі
Жаңалықтар
0