https://sputnik.kz/20250323/turkiya-prokuraturasy-sottan-ystanbul-merin-tutqyndaudy-surady-51873891.html
Түркия прокуратурасы соттан Ыстанбұл мэрін тұтқындауды сұрады
Түркия прокуратурасы соттан Ыстанбұл мэрін тұтқындауды сұрады
Sputnik Қазақстан
Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоғлу 19 наурызда ұсталды 23.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-23T12:12+0500
2025-03-23T12:12+0500
2025-03-23T12:12+0500
түркия
режеп тайип ердоған
https://sputnik.kz/img/07e9/03/17/51871357_0:254:2740:1795_1920x0_80_0_0_c2128099c6ecf7a25bc6fb476d71378a.jpg
АСТАНА, 23 наурыз - Sputnik. Түркия прокуратурасы соттан Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуды терроризм мен сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша қамауға алуды сұрады, деп хабарлайды РИА Новости.Ол сыбайлас жемқорлықпен, парақорлық және террористік әрекетке жәрдемдесумен айналысты деген күдік бойынша ұсталған болатын.Имамоғлудың айтуынша, ол билік тарапынан болып жатқан қысымға қарамастан берілмейді.Сенбіде саясаткер әділет сарайында бес сағат бойы куәлік берді. Ол террористік ұйымдармен байланыс туралы айыптаулармен келіспейді және өзін тұтқындау әдісін сынға алды, деп хабарлайды A Haber телеканалы.Ыстамбұл мэрінің ұсталуы, биліктің қауіпсіздік шараларын күшейтіп қалада митинг өткізуге тыйым салғанына қарамастан, жаппай наразылық акцияларын тудырды.Сонымен қатар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әкімшілігі телеарналарға тікелей эфирді тоқтату туралы хабарламаларды жоққа шығарды.Радио мен теледидар жөніндегі жоғарғы кеңесі, хабар таратуды тоқтата тұруға дейінгі санкциялар туралы ескерту, заңды бұзуға қатысты екенін түсіндірді."RTÜK ескертуі тікелей эфирлерді үзуге емес, заң ережелерін сақтауға бағытталған. Қоғамдық пікірді басқаруға бағытталған негізсіз айыптауларға сенбеңіз", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20250319/turkiyada-ystanbul-meri-ustaldy-51741285.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/17/51871357_5:0:2736:2048_1920x0_80_0_0_ca2304566a7265e5736d6c78d2b83f81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, режеп тайип ердоған
түркия, режеп тайип ердоған
Түркия прокуратурасы соттан Ыстанбұл мэрін тұтқындауды сұрады
Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоғлу 19 наурызда ұсталды
АСТАНА, 23 наурыз - Sputnik. Түркия прокуратурасы соттан Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуды терроризм мен сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша қамауға алуды сұрады, деп хабарлайды
РИА Новости. Ол сыбайлас жемқорлықпен, парақорлық және террористік әрекетке жәрдемдесумен айналысты деген күдік бойынша ұсталған болатын.
Имамоғлудың айтуынша, ол билік тарапынан болып жатқан қысымға қарамастан берілмейді.
Сенбіде саясаткер әділет сарайында бес сағат бойы куәлік берді. Ол террористік ұйымдармен байланыс туралы айыптаулармен келіспейді және өзін тұтқындау әдісін сынға алды, деп хабарлайды A Haber телеканалы.
Ыстамбұл мэрінің ұсталуы, биліктің қауіпсіздік шараларын күшейтіп қалада митинг өткізуге тыйым салғанына қарамастан, жаппай наразылық акцияларын тудырды.
Сонымен қатар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әкімшілігі телеарналарға тікелей эфирді тоқтату туралы хабарламаларды жоққа шығарды.
"Радио және теледидар жөніндегі жоғарғы кеңестің нұсқауымен теледидардағы барлық тікелей эфир үзілді, митингілер өтетін орындардан тікелей эфирді тоқтатты деген кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде таратылған мәлімдеме шындыққа жанаспайды", - деді Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасы жанындағы жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы.
Радио мен теледидар жөніндегі жоғарғы кеңесі, хабар таратуды тоқтата тұруға дейінгі санкциялар туралы ескерту, заңды бұзуға қатысты екенін түсіндірді.
"RTÜK ескертуі тікелей эфирлерді үзуге емес, заң ережелерін сақтауға бағытталған. Қоғамдық пікірді басқаруға бағытталған негізсіз айыптауларға сенбеңіз", - делінген хабарламада.