Түркияда Ыстанбұл мэрі ұсталды

© Depositphotos.com / FotodomАйя-София
Айя-София
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Жазылу
Ол Түркия президенттігіне оппозициядан жалғыз үміткер
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлы қауіпсіздік күштерінің ауқымды операциясы кезінде ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Оның үйінде тінту жүргізіліп, мэрді полиция сотқа жеткізді. CNN Türk хабарлауынша, Ыстанбұлдың оппозициялық биліктің қысымына дес бермейтінін айтқан.
Бір күн бұрын Ыстанбұл университеті Түркияның Бас прокуратурасының өтінішінен кейін Имамоғлу дипломының күшін жойды, бұл оның ел президенті лауазымына ұсынылуына жол бермейді.
Бір қызығы, ол ірі оппозициялық Республикалық-халықтық партиядан (СНР) праймериз сайлауындағы жалғыз оппозициялық кандидат.
Ол қайта ұсынылса Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы болып саналады (егер парламенттегі 360 депутаттың келісімімен президентті мерзімінен бұрын сайлаған жағдайда ғана мүмкін болады).
Айта кету керек, Түркия конституциясы президенттікке жоғары білімі бар адамдарға ғана үміткер болуға мүмкіндік береді.
Кейінірек қаланың бас прокуратурасы Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлу сыбайлас жемқорлық, парақорлық және пара берумен айналысуды ұйымдастыру ісі бойынша ұсталғанын хабарлады.
Режеп Тайып Ердоған - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ердоған Трамптың Украинадағы қақтығысты тоқтату қадамдарын қолдайтынын мәлімдеді
Жаңалықтар
0