https://sputnik.kz/20250323/soltustik-qazaqstan-oblysynda-zhana-qutqaru-bolimshesi-ashyldy-51881854.html
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа құтқару бөлімшесі ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа құтқару бөлімшесі ашылды
Sputnik Қазақстан
Ауданы 900-ден астам шаршы метр модульдік типтегі екі қабатты ғимарат өңірдің климаттық жағдайларын ескере отырып салынған 23.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-23T21:08+0500
2025-03-23T21:08+0500
2025-03-23T21:08+0500
құтқарушылар
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/03/17/51881512_0:73:1023:648_1920x0_80_0_0_e406c5bd45c3bb6dc69ac880bfc647ea.jpg
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Тепличное ауылында өңірдегі алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Пестрое көлінің жағасында орналасқан жаңа мамандандырылған нысан апатты-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарының кең спектрін орындауға арналған.Ауданы 900-ден астам шаршы метр модульдік типтегі екі қабатты ғимарат өңірдің климаттық жағдайларын ескере отырып, жеке жоба бойынша салынған. Кешен құрамында әкімшілік кабинеттер, доңғалақты техника мен жүзу құралдарына арналған гараждар және бокстар, оқу сыныбы, "Batyr Team" ведомстволық клубының спорт залы, медициналық кабинет, психолог кабинеті, қойма үй-жайлары бар жөндеу блогы, сондай-ақ алты үйшік пен кинологтарға арналған бөлмесі бар кинологиялық орталық қарастырылған.Сондай-ақ құтқарушылар иелігіне КамАЗ маркалы жаңа вахталық автобус және қосымша арнайы техника берілді.Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары былтыр төтенше жағдайларға 1950 рет шығып, 127 адамды құтқарып, 128 жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Жаңа әмбебап құтқару бөлімшесінің ашылуы төтенше жағдайда одан да тиімді әрекет етуге және өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, дейді ведомстводағылар.
https://sputnik.kz/20250318/soltustik-qazaqstanda-akimdikter-turgyn-uy-zannamasyn-oreskel-buzgan-51719419.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/17/51881512_32:0:992:720_1920x0_80_0_0_4de95dbd34a5a0d4fa78023a5afb2866.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқарушылар, министрлік
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа құтқару бөлімшесі ашылды
Ауданы 900-ден астам шаршы метр модульдік типтегі екі қабатты ғимарат өңірдің климаттық жағдайларын ескере отырып салынған
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Тепличное ауылында өңірдегі алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады
төтенше жағдайлар министрлігі.
Пестрое көлінің жағасында орналасқан жаңа мамандандырылған нысан апатты-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарының кең спектрін орындауға арналған.
"Бұл заманауи кешенде қызметкерлерге биік жерлерде де, су астында да құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті жағдай жасалған. Солтүстік Қазақстан облысында әмбебап бөлімшенің ашылуы өңір тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады, өйткені қазір ТЖМ дәрігерлері де осы жерде қызмет атқарады", - деді төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
Ауданы 900-ден астам шаршы метр модульдік типтегі екі қабатты ғимарат өңірдің климаттық жағдайларын ескере отырып, жеке жоба бойынша салынған. Кешен құрамында әкімшілік кабинеттер, доңғалақты техника мен жүзу құралдарына арналған гараждар және бокстар, оқу сыныбы, "Batyr Team" ведомстволық клубының спорт залы, медициналық кабинет, психолог кабинеті, қойма үй-жайлары бар жөндеу блогы, сондай-ақ алты үйшік пен кинологтарға арналған бөлмесі бар кинологиялық орталық қарастырылған.
Сондай-ақ құтқарушылар иелігіне КамАЗ маркалы жаңа вахталық автобус және қосымша арнайы техника берілді.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары былтыр төтенше жағдайларға 1950 рет шығып, 127 адамды құтқарып, 128 жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Жаңа әмбебап құтқару бөлімшесінің ашылуы төтенше жағдайда одан да тиімді әрекет етуге және өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, дейді ведомстводағылар.