Солтүстік Қазақстанда әкімдіктер тұрғын үй заңнамасын өрескел бұзған

© Sputnik / Абзал КалиевДомик, монетки стоимость жилья, инвестиции в жилищное строительство
Домик, монетки стоимость жилья, инвестиции в жилищное строительство - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Салдарынан бюджет алдында 72,2 млн теңге қарыз болып қалған
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй заңнамасы өрескел бұзылып, салдарынан әкімдік бджетке 72,2 млн теңге қарыз болып қалды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Аққайың, Айыртау, Ақжар, Есіл, Шал ақын, Уәлиханов, Тимирязев аудандары мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары "Тұрғын үй қатынастары туралы" заң талаптарына қарамастан, тұрғындардан баспананы жалдау ақысын алмаған.
"Салдарынан бюджет алдында 72,2 млн теңге қарыз болған. Айыртау, Аққайың, Есіл, Шал ақын, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері заң талаптарын бұза отырып, 170 адамның тұрғын үй сатып алуына байланысты оларды кезектен шығармаған", - дейді ведомство.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2,3 млн теңге сомасына жалдау төлемі ішінара өндіріліп, қалған берешек бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Ал Петропавл қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі кезекте тұрмаған адамдарға жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйді негізсіз берген.
Қалалық прокуртура сотқа талап арыз түсіріп, ол қанағаттандырылды.
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Талдықорғанда мемлекеттік қордан баспана алған 1 200 азаматтың құжаты дұрыс емес
Жаңалықтар
0