Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үндеу жасады

© PhotoПрезидент Турции прибыл в Астану
Президент Турции прибыл в Астану - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі отандастарға үндеу жасады.
"Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және қазіргі оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға шақырды.
Еске салсақ, Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоғлу 19 наурызда ұсталды. Ыстамбұл мэрінің ұсталуы, биліктің қауіпсіздік шараларын күшейтіп қалада митинг өткізуге тыйым салғанына қарамастан, жаппай наразылық акцияларын тудырды.
Айя-София
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Түркияда Ыстанбұл мэрі ұсталды
Жаңалықтар
0