Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасы "Шырайлы Шымкент" кафесінде бас қосты

© Sputnik / Владислав ВодневНаурыз коже
Наурыз коже - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Жазылу
Биыл мейрам қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен жерлестеріміз концерттік іс-шара ұйымдастырмай ауызашарға дастарқан жайды
АСТАНА, 23 наурыз– Sputnik. Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды 24kz.
Елдің оңтүстігінде тұратын отандастар дәстүр бойынша Пусанға жақын Ёнсан елді мекеніндегі "Шырайлы Шымкент" кафесіне жиналды. Биыл мейрам қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен жерлестеріміз концерттік іс-шара ұйымдастырмай ауызашарға дастарқан жайды.
Жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен Қазақстанның Пусандағы бас консулы Аслан Асқар және "Шырайлы Шымкент" кафесінің иесі Сауле Қосақаева құттықтады.
"Керемет кеш болып жатыр. Өзіміздің қазақ бауырларымыз Наурыз мерекесіне жиналды. Бәрін көріп, танысып жатырмыз. Дастарқан мол жайылған. Наурыз құтты болсын!", - дейді Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасының өкілі Айымгүл Мусина.
Қазақ диаспорасының тағы бір өкілі Талғар Сабыржан көбісі Оңтүстік Кореяға жұмыс істеу үшін келгенін айтады.
"Біз жұмыс киімін шешіп, демалғымыз келеді. Қазақ болғаннан кейін көпшілік ортаны жақсы көреміз. Наурыз болсын, басқа мейрам болсын, қазақтар осылай жиналып тұрғаны дұрыс деп ойлаймын", - дейді ол.
Орта Азия елдерінің өкілдері Астанада Наурызды қалай тойлатынын көрсетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Орта Азия елдері Наурызды қалай тойлайды
Жаңалықтар
0