Орта Азия елдері Наурызды қалай тойлайды

© Sputnik / Санат ИмангалиевОрта Азия елдерінің өкілдері Астанада Наурызды қалай тойлатынын көрсетті
Орта Азия елдерінің өкілдері Астанада Наурызды қалай тойлатынын көрсетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Жазылу
Орта Азия елдерінің өкілдері астаналықтарға ұлттық тағамдарын ұсынды
АСТАНА, 22 наурыз– Sputnik. Бүгін Астанадағы "Ғашықтар" саябағында Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан елшіліктері өз киіз үйлерін тігіп, астаналықтарға Наурыз мерекесін қалай тойлайтынын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Елшілік өкілдері астаналықтарға ұлттық тағамдарын ұсынды.
© Sputnik / Санат ИмангалиевОрталық Азия елдерінің өкілдері Астанада ұлттық тағамдарын таныстырды
Орталық Азия елдерінің өкілдері Астанада ұлттық тағамдарын таныстырды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Орталық Азия елдерінің өкілдері Астанада ұлттық тағамдарын таныстырды

Барлығына ортақ тағам бар

Орта Азия елдері Наурыз мейрамын кеңінен тойлайды. Қырғызстан мен Тәжікстанда Ұлыстың ұлы күні төрт күн бойы тойланса, Түрікменстанда – екі, ал Өзбекстанда мерекелік шаралар үш күнге созылады. Сол кезде барлығы өздерінің ұлттық тағамдарын әзірлейді. Дегенмен, Наурыз мейрамында жасалатын ортақ бір тағам бар. Ол – сумалак.
"Қырғыз халқында бұл тағамды "сүмелек" деп айтады. Ал түркімендер оны "семене" деп атайды. Бірақ жасалу технологиялары бір-біріне ұқсайды. Барлығы сүмелекті жаңа өсіп шыққан бидай дәнінен жасайды. Оны бір күн бойы пісіреді",- дейді Нарын қаласының тумасы Жұлдыз Қапарқызы.
Ал аңыздарға сенсек, "сумалак" сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі – парсының "си мелек", яғни "отыз періште", осы тағамды қайнатып жатқанда қазанның қасында 30 періште отырады-мыс. Сондай-ақ парсы тілінде "самани" деп аталатын бидай дәндері бар көрінеді. Наурызда жасалатын "сумалактың" атауы содан шыққан дейді. Тәжіктер осы тағамды "суманак" деп атайды.
Қазақстанда Наурыз мейрамында көбінесе наурыз көже жасайды. Дегенмен оңтүстік аймақтарда көктем шыққанда "сумалак" жасайтындар аз емес.

Дастарқанда бір әріптен басталатын 7 тағам тұруы керек

Тәжікстанда бұл дәстүрді "хафт шин" мен "хафт син" деп атайды. Хафт шин бойынша Наурыз мейрамына арналған дастарқанда "ш" әрпінен басталатын жеті түрлі тағам тұруы керек. Олар: ширини (тосап), шарбат (шырын), шакар (қант), шурбо (сорпа), ширбиринч (күріш ботқасы), шамъ (майшам) мен шамшод (ағаш бұтағы). Ал хафт син дәстүрінде "с" әрпіне басымдық беріледі. Сол себепті дастарқанда сир (сарымсақ), себ (алма), сабза (бидай өскіндері), санджид (жеміс), сирко (сірке суы), суманак (сумалак) мен самбуса (тәжік самсасы) қойылады. Сондай-ақ “с” әрпінен басталатын “самбусай алафи” деген тағам Тәжікстанда Наурыз мейрамы кезінде көп жасалады
© Sputnik / Санат ИмангалиевОрта Азия елдері Наурызды қалай тойлайды
Орта Азия елдері  Наурызды қалай тойлайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Орта Азия елдері Наурызды қалай тойлайды
"Самбуса - бұл асжапырақ, ақжелкен, насыбайгүл, аскөк пен жасыл пияз қосылған самса. Шөптердің бәрін ұсақ турайды да, дәмдеуіш пен тұз қосып, қамырдың ішіне салады. Содан кейін ұсақ самса жасап, табада қуырады. Бұл тағамның ерекшелігі - ішіне көк шөп көп салынуында. Бұл көктем мен табиғаттың жаңаруын білдіреді", - дейді Шукрона Жамилова.
Ал Тәжікстан елшілігінің бірінші хатшысы Абдулазиз Шарифидің айтуынша, тәжіктер Навруз мейрамына 100 күн бұрын дайындалады.
"Бізде оны "Сада" (тәжік тілінде "жүз" дегенді білдіреді - Sputnik) деп атайды. Навруздан 100 күн бұрын 22 желтоқсанда ең ұзын түндер болады ғой. Содан бастап дайындық жүргізіледі. Бұрыннан қалған тағы бір дәстүр бар. Жастар от жағып, сол арқылы секіреді. Тәжіктер мейрамның алдында үй жинап, кілемдердің бәрін жуады. Өкпе-реніштер болса, бір-бірін кешіреді. Қарыздар болса да, кешіре салады. Себебі бұл мейрамды өкпе-ренішсіз қарсы алу керек", - деп атап көрсетті Шарифи.
Ал Қазақстанда былтырдан бері Наурыз жаңа форматта - "Наурызнама" онкүндігі аясында аталып өтеді. Ал 21-22 наурыз мейрамның негізгі күндері болып саналады.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы Наурыз мейрамы
Астанадағы Наурыз мейрамы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Астанадағы Наурыз мейрамы
Астанада биыл 30-дан астам орында Наурыз мейрамы тойланып жатыр. Ол жерде қазақша күрес, қой көтеру, арқан тарту, асық ату, қол күрес, кір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.
Ал "Expo" көрме орталығында этноауыл ашылды. Оған отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран мен Тәжікстан шеберлері де келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы этноауылдан барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Астанадағы Наурыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2025
Астанада Наурызды қалай тойлап жатыр
Жаңалықтар
0