Астанада бірнеше автобус бағыты уақытша өзгереді
20:23 23.03.2025 (жаңартылды: 20:27 23.03.2025)
© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы автобус

© Sputnik / Болат Шайхинов
Жазылу
Өзгерістер негізінен LRT желісіндегі жұмысқа байланысты
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Астанада 20 автобус уақытша қозғалыс бағытын өзгертеді, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.
24 наурыздан бастап автобус бағыттарына енгізілетін өзгерістер негізінен LRT желісіндегі жұмысқа байланысты.
"LRT желісіндегі жұмыстарға байланысты 24 наурызда №12, 15, 15А, 19, 21, 24, 32, 35, 43, 46, 50, 55, 61, 70 бағыттардың қозғалысы уақытша өзгереді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына байланысты № 5, 5А, 14, 505, 64, 73 бағыттардың қозғалысы да уақытша өзгертілді.