Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары 64%-ға толы - министрлік

© Sputnik / Елена БережнаяАймақтарда су қоймаларынан су жіберіліп жатыр
Аймақтарда су қоймаларынан су жіберіліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Жазылу
Тасқын судың алдын алу үшін бірқатар шаралар жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

Ақмола облысы

Астана су қоймасынан секундына 1,50 текше метр;
Сілеті су қоймасынан 150 текше метр;
Шағалалы су қоймасынан 0,5 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр;
Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде.
Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 64%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысы

Бұқтырма су қоймасынан секундына 605 текше метр;
Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.

Абай облысы

Шүлбі су қоймасынан секундына 657 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысы

Киров су қоймасынан секундына 13,9;
Бітік су қоймасынан секундына 11,0 текше метр;
Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,5 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысы

Ынтымақ су қоймасынан секундына 15,6 текше метр;
Самарқанд су қоймасынан 15,8 текше метр;
Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысы

Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр;
Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы

Сергеев су қоймасынан секундына 410,8 текше метр,
Петропавл су қоймасынан 56,98 текше метр су жіберілуде.
Ақмола облысындағы су тасқынымен күресуге өңірлерден құтқарушылар келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Ақмола облысындағы су тасқынымен күресуге өңірлерден құтқарушылар келеді
Жаңалықтар
0