"Жарықты сөндіріңіз": Экология министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

© Sputnik / Марина Лысцева / Медиабанкке өтуЛампы
Лампы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Жазылу
22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтарды 22 наурыз кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты сөндіруге шақырды.
Министрліктің хабарлауынша, бұл жаһандық бастама климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
"22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Ұйымдар мен кәсіпорындарға да осы бастамаға қосылып, сағат 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады",- делінген министрлік хабарламасында.
Акция аясында миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын өшіріп, табиғатты сақтауға үлес қосады.
Астана Жер сағаты халықаралық экологиялық акциясына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
"Жер сағаты": Астанада 30-дан астам нысанда жарық сөндірілді
Жаңалықтар
0