https://sputnik.kz/20240324/astanada-30-dan-astam-nysanda-zharyq-sondirildi-43170186.html
"Жер сағаты": Астанада 30-дан астам нысанда жарық сөндірілді
"Жер сағаты": Астанада 30-дан астам нысанда жарық сөндірілді
Sputnik Қазақстан
Астана "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қатысты 24.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-24T13:18+0500
2024-03-24T13:18+0500
2024-03-24T13:20+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/03/18/43170344_22:0:1259:696_1920x0_80_0_0_12210aca6d488d3f706d7045e7e1a064.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. 23 наурызда дүние жүзіндегі мыңдаған ғимарат пен сәулет нысанында жарық бір сағатқа сөндірілді. Бұл акцияны елордадағы 30-дан астам нысан қолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Кеше 20:30-21:30 аралығында "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтті. Осы уақыт аралығында әлемнің әртүрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшірілді."Жер сағаты" — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам атсалысады. Бұл әртүрлі елде миллиондаған адамдар 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.2024 жылы Қазақстанда "Жер сағаты" еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған.Астана әкімдігінің ақпараты бойынша акция аясында елордада бір уақытта 30-дан астам нысанда жарық өшірілді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/18/43170344_176:0:1104:696_1920x0_80_0_0_e98c18d0bb7b93584174cfb2d742fb89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
"Жер сағаты": Астанада 30-дан астам нысанда жарық сөндірілді
13:18 24.03.2024 (жаңартылды: 13:20 24.03.2024) Астана "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қатысты
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. 23 наурызда дүние жүзіндегі мыңдаған ғимарат пен сәулет нысанында жарық бір сағатқа сөндірілді. Бұл акцияны елордадағы 30-дан астам нысан қолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кеше 20:30-21:30 аралығында "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтті. Осы уақыт аралығында әлемнің әртүрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшірілді.
"Жер сағаты" — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам атсалысады. Бұл әртүрлі елде миллиондаған адамдар 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.
2024 жылы Қазақстанда "Жер сағаты" еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған.
Астана әкімдігінің ақпараты бойынша акция аясында елордада бір уақытта 30-дан астам нысанда жарық өшірілді.