https://sputnik.kz/20250322/uly-abaydyn-mereytoyyna-oray-180-balanyn-tusauy-kesildi-51868938.html
Ұлы Абайдың мерейтойына орай 180 баланың тұсауы кесілді
Ұлы Абайдың мерейтойына орай 180 баланың тұсауы кесілді
Sputnik Қазақстан
Бұл іс-шара Абай облысында өтті 22.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-22T20:16+0500
2025-03-22T20:16+0500
2025-03-22T20:16+0500
абай облысы
абай құнанбайұлы
мерейтой
тұсаукесер
наурыз мейрамы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/16/51868774_0:27:1081:635_1920x0_80_0_0_9d5ae5655119bd5a207b20151fc72b47.jpg.webp
АСТАНА, 22 наурыз– Sputnik. Наурыз мейрамына орай Абай облысында облысында 300-ге жуық киіз үй тігілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Әр киіз үйге Абай ауылы, Шәкәрім ауылы, Достық ауылы, Б.Момышұлының туғанына 110 жыл, Н.Тілендиевтің туғанына 100 жыл, Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл, І.Есенберлиннің туғанына 120 жыл, Ш.Әбеновтің туғанына 125 жыл, Ж.Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл, ҚР Конституцияның 30 жылдығы деген арнайы атаулар берілген.Облыс әкімі орталық алаңдағы киіз үйлерді аралап, Наурыз мейрамының басты оқиғасы – тұсаукесер рәсіміне қатысты. Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай өңірде бір мезетте 180 бала жаңа өмірге қадам басты. Ал Семейде аймақ басшысы зиялы қауым, мәдениет, білім, спорт, кәсіпкерлік, басқа да сала өкілдерімен бірге 40-қа жуық бүлдіршіннің тұсауын кесті.22 наурыз күні мерекелік шаралар облыстың барлық аудандары мен қаланың барлық шағын аудандарын қамтыды. Семей қаласы Наурызды кең көлемде атап өту үшін мазмұнды бағдарлама әзірледі. Орталық алаңда қолөнер көрмелері, ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, фотоаймақтар дайындалды.Мерекенің көркін келтірген шараның бірі - композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай жүз жас домбырашының сазгер шығармаларын бір мезгілде орындауы. Бұл жұртшылыққа музыка мен тарихи тағылымға толы ерекше атмосфера сыйлады.
https://sputnik.kz/20240316/zhetisu-oblysynda-bir-kunde-50-balanyn-tusauy-kesildi-42936171.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/16/51868774_57:0:1017:720_1920x0_80_0_0_291dd08c5cd923347e6aec52b7d4bf00.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, абай құнанбайұлы, мерейтой, тұсаукесер, наурыз мейрамы
абай облысы, абай құнанбайұлы, мерейтой, тұсаукесер, наурыз мейрамы
Ұлы Абайдың мерейтойына орай 180 баланың тұсауы кесілді
Бұл іс-шара Абай облысында өтті
АСТАНА, 22 наурыз– Sputnik. Наурыз мейрамына орай Абай облысында облысында 300-ге жуық киіз үй тігілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әр киіз үйге Абай ауылы, Шәкәрім ауылы, Достық ауылы, Б.Момышұлының туғанына 110 жыл, Н.Тілендиевтің туғанына 100 жыл, Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл, І.Есенберлиннің туғанына 120 жыл, Ш.Әбеновтің туғанына 125 жыл, Ж.Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл, ҚР Конституцияның 30 жылдығы деген арнайы атаулар берілген.
Облыс әкімі орталық алаңдағы киіз үйлерді аралап, Наурыз мейрамының басты оқиғасы – тұсаукесер рәсіміне қатысты. Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай өңірде бір мезетте 180 бала жаңа өмірге қадам басты. Ал Семейде аймақ басшысы зиялы қауым, мәдениет, білім, спорт, кәсіпкерлік, басқа да сала өкілдерімен бірге 40-қа жуық бүлдіршіннің тұсауын кесті.
22 наурыз күні мерекелік шаралар облыстың барлық аудандары мен қаланың барлық шағын аудандарын қамтыды. Семей қаласы Наурызды кең көлемде атап өту үшін мазмұнды бағдарлама әзірледі. Орталық алаңда қолөнер көрмелері, ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, фотоаймақтар дайындалды.
Мерекенің көркін келтірген шараның бірі - композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай жүз жас домбырашының сазгер шығармаларын бір мезгілде орындауы. Бұл жұртшылыққа музыка мен тарихи тағылымға толы ерекше атмосфера сыйлады.