Жетісу облысында бір күнде 50 баланың тұсауы кесілді
© Photo : Жетісу облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіЖетісу облысында бір күнде 50 баланың тұсауы кесілді
© Photo : Жетісу облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
Жазылу
Бір күнде 50 баланың тұсауын кесу бұған дейін Қазақстанда болмаған
АЛМАТЫ, 16 наурыз - Sputnik. Наурызнаманың мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Талдықорғандағы "Жастар" спорт сарайында бір мезетте 50 сәбидің тұсауы қатар кесілді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір күнде 50 баланың тұсауын кесу бұған дейін Қазақстанда болмаған.
"Сәбилердің тұсауын өңірдегі ардагерлер, мәдениет, өнер, әдебиет және журналистика саласының қайраткерлері, атақты спортшылар, білікті дәрігерлер мен ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер т.б көпке танымал беделді азаматтар кесті. Бұл шара осындай ауқымда елімізде алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді", - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жалпы тұсаукесер – баланың өмірдегі жолы жеңіл және жарқын болуы үшін атқарылатын рәсім. Тұсауы кесілген кішкентай бала тез аяққа тұрып, үлкен өмірге нық қадам жасайды деп ырымдалады.