https://sputnik.kz/20250322/merekelik-poyyzdarda-zholaushylarga-nauryz-kozhe-men-bauyrsaq-taratyldy-51861609.html
Мерекелік пойыздарда жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ таратылды
Мерекелік пойыздарда жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ таратылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамын күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген №4/3 "Алматы – Астана" бағыты бойынша жүретін жолаушылар... 22.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-22T20:50+0500
2025-03-22T20:50+0500
2025-03-22T20:50+0500
наурыз мейрамы
теміржол
https://sputnik.kz/img/07e9/03/16/51861445_0:106:1280:826_1920x0_80_0_0_b04803f1bf55d8e7104efa421c1989d6.jpg
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамын күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген №4/3 "Алматы – Астана" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы.Перронда жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алып, наурыздың шуақты атмосферасын сыйлады.Жолаушылар мен шығарып салушыларға қазақ халқының мәдении мұрасын насихаттайтын домбыра үнімен сүйемелденген музыкалық бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, әр жолаушыға дәстүрлі тағамдар — наурыз көже мен бауырсақ тарту етілді.Мерекелік нақышпен көмкерілген №7553/6811 "Қарағанды – Астана – Бурабай курорты" бағытындағы қала маңы электр пойызы да жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлауда. Этностильде безендірілген осындай пойыздар 2025 жылдың наурызының соңына дейін қатынайтын болады.Айта кетейік, бұл мерекелік шара еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр.
https://sputnik.kz/20250321/nauryz-meyramynda-500-ge-zhuyq-zholaushy-turistik-poyyzdarymen-sayakhatqa-shyqty-51816879.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/16/51861445_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_87aaed00b0ea8e2666d28741eb07f0e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы, теміржол
Мерекелік пойыздарда жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ таратылды
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамын күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген №4/3 "Алматы – Астана" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы.
Перронда жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алып, наурыздың шуақты атмосферасын сыйлады.
Жолаушылар мен шығарып салушыларға қазақ халқының мәдении мұрасын насихаттайтын домбыра үнімен сүйемелденген музыкалық бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, әр жолаушыға дәстүрлі тағамдар — наурыз көже мен бауырсақ тарту етілді.
Мерекелік нақышпен көмкерілген №7553/6811 "Қарағанды – Астана – Бурабай курорты" бағытындағы қала маңы электр пойызы да жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлауда. Этностильде безендірілген осындай пойыздар 2025 жылдың наурызының соңына дейін қатынайтын болады.
Айта кетейік, бұл мерекелік шара еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр.