https://sputnik.kz/20250321/nauryz-meyramynda-500-ge-zhuyq-zholaushy-turistik-poyyzdarymen-sayakhatqa-shyqty-51816879.html
Наурыз мейрамында 500-ге жуық жолаушы туристік пойыздармен саяхатқа шықты
Наурыз мейрамында 500-ге жуық жолаушы туристік пойыздармен саяхатқа шықты
Sputnik Қазақстан
Туристік пойыздар заманауи әрі жайлы отандық өндірістегі вагондардан жасақталған 21.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-21T11:52+0500
2025-03-21T11:52+0500
2025-03-21T17:33+0500
пойыз
наурыз мейрамы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/15/51816534_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_75a3020c374d8b06e9ab821c480bf36b.jpg.webp
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамында 450-ден астам турист "Jibek Joly" және "Keruen Express" пойыздарымен саяхатқа шықты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.Наурыз мейрамында 450-ден астам жолаушы "Jibek Joly" және "Keruen Express" туристік пойыздарымен саяхатқа шықты. Ұлттық тасымалдаушы іске қосқан бұл бағыттар Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи орындарын аралап, Наурыз мерекесінің ерекше көктемгі атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді."Jibek Joly" туристік пойызы Алматыдан жолға шығып, "Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы" бағыты бойынша қозғалады. Сапар ұзақтығы – 6 күн, 2025 жылғы 20-25 наурыз аралығында өтеді. "Keruen Express" пойызы да Алматыдан шығып, "Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Алматы" бағытымен жүреді, бұл сапар 5 күнге созылады: 2025 жылдың 21-25 наурыз аралығы.Туристік пойыздар заманауи әрі жайлы отандық өндірістегі вагондардан жасақталған. Интерьері ұлттық нақыштағы дәстүрлі ою-өрнек элементтерімен безендірілген.Пойыз маршруттары Қазақстан мен Өзбекстанның ең ірі мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Түркістанда жолаушылар ЮНЕСКО тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне және Ұлы Жібек жолының атмосферасын бейнелейтін тарихи Керуен сарайына бара алады. Ташкентте туристер Хазрати Имам кешенін, Барақ хан медресесін, Абу Бакр Каффали Шаши мен Төле би кесенелерін аралап, "Magic City" ойын-сауық орталығында уақыт өткізе алады.Самарқанд сапардың маңызды бөлігі болып табылады. Мұнда жолаушылар Шахи-Зинда кесенелер кешенін, Гур-Эмир кесенесін, сондай-ақ Регистан алаңын тамашалайды. Бұл алаңда әйгілі Шер-Дор, Тилля-Кари және Ұлықбек медреселері орналасқан. "Jibek Joly" пойызының соңғы аялдамасы – Тараз қаласы, Қазақстанның ең көне қалаларының бірі, тарихи және сәулет ескерткіштерімен танымал мекен.
https://sputnik.kz/20250313/amal-keldi-zhyl-keldi-14-nauryzda-qazaqstandyqtar-korisu-kunin-toylaydy-51576719.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/15/51816534_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_f3f133cb516efad738a1b7c4d4ac8234.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, наурыз мейрамы
Наурыз мейрамында 500-ге жуық жолаушы туристік пойыздармен саяхатқа шықты
11:52 21.03.2025 (жаңартылды: 17:33 21.03.2025) Туристік пойыздар заманауи әрі жайлы отандық өндірістегі вагондардан жасақталған
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамында 450-ден астам турист "Jibek Joly" және "Keruen Express" пойыздарымен саяхатқа шықты, деп хабарлады
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Наурыз мейрамында 450-ден астам жолаушы "Jibek Joly" және "Keruen Express" туристік пойыздарымен саяхатқа шықты. Ұлттық тасымалдаушы іске қосқан бұл бағыттар Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи орындарын аралап, Наурыз мерекесінің ерекше көктемгі атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді.
"Jibek Joly" туристік пойызы Алматыдан жолға шығып, "Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы" бағыты бойынша қозғалады. Сапар ұзақтығы – 6 күн, 2025 жылғы 20-25 наурыз аралығында өтеді. "Keruen Express" пойызы да Алматыдан шығып, "Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Алматы" бағытымен жүреді, бұл сапар 5 күнге созылады: 2025 жылдың 21-25 наурыз аралығы.
Туристік пойыздар заманауи әрі жайлы отандық өндірістегі вагондардан жасақталған. Интерьері ұлттық нақыштағы дәстүрлі ою-өрнек элементтерімен безендірілген.
Пойыз маршруттары Қазақстан мен Өзбекстанның ең ірі мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Түркістанда жолаушылар ЮНЕСКО тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне және Ұлы Жібек жолының атмосферасын бейнелейтін тарихи Керуен сарайына бара алады. Ташкентте туристер Хазрати Имам кешенін, Барақ хан медресесін, Абу Бакр Каффали Шаши мен Төле би кесенелерін аралап, "Magic City" ойын-сауық орталығында уақыт өткізе алады.
Самарқанд сапардың маңызды бөлігі болып табылады. Мұнда жолаушылар Шахи-Зинда кесенелер кешенін, Гур-Эмир кесенесін, сондай-ақ Регистан алаңын тамашалайды. Бұл алаңда әйгілі Шер-Дор, Тилля-Кари және Ұлықбек медреселері орналасқан. "Jibek Joly" пойызының соңғы аялдамасы – Тараз қаласы, Қазақстанның ең көне қалаларының бірі, тарихи және сәулет ескерткіштерімен танымал мекен.