Су қоймаларындағы жағдай қандай – министрлік ақпарат жариялады

© Photo : ДЧС Костанайской областиТобылдағы дамба
Тобылдағы дамба - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2025
Жазылу
Жоғарғы Тобыл мен Қаратомар су қоймалары 64 процентке толды
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймаларындағы жағдайға қатысты соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 9,95 текше метр, Сілеті су қоймасынан 30 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 70 текше метр су жіберіліп жатыр.

"Ал Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 100 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метр су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 55%-ға толды", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Бұқтырма су қоймасынан - 575 текше метр, Өскемен су қоймасынан - 600 текше, Шүлбі су қоймасынан - 657 текше метр, Сергеев су қоймасынан - 243,4 текше метр, ал қалған су қоймаларынан жіберіліп жатқан судың көлемі 50 текше метрден аспайды.
Жоғарғы Тобыл мен Қаратомар су қоймалары 64 процентке толды.
Қазақстандағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Су тасқынына қарсы күреске 360 арнайы техника дайын - министрлік
Жаңалықтар
0