https://sputnik.kz/20250319/su-tasqynyna-qarsy-kureske-360-arnayy-tekhnika-dayyn---ministrlik-51735869.html
Су тасқынына қарсы күреске 360 арнайы техника дайын - министрлік
Су тасқынына қарсы күреске 360 арнайы техника дайын - министрлік
Sputnik Қазақстан
Гидротехникалық нысандардың 200 шақырымнан астам кірме жолдары қардан тазартылды 19.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-19T10:15+0500
2025-03-19T10:15+0500
2025-03-19T10:15+0500
су тасқыны
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605555_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_86707e9064faad573fc5aa2610c38b9d.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынымен күресу үшін 360 бірлік арнайы техника дайындады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі."Қазсушар" кәсіпорнының облыстық филиалдары су тасқынымен күресу үшін 360 арнайы техника дайындады.Бұдан бөлек, 32,7 мың тоннадан астам инертті материал дайындалды және гидротехникалық нысандардың 200 шақырымнан астам кірме жолдары қардан тазартылды.Министрлік "Қазсушар" филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін Үкіметтің қолдауымен 757 бірлік арнайы техника мен көлік сатып алуды бастады. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдарына 200-ден астам арнайы техника жеткізілді.
https://sputnik.kz/20250311/el-aumagynyn-71-protsentinde-ali-qar-zhatyr-ukimet-shugyl-maseleni-qarady-51503137.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605555_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_d57413c45eb2e06589d9503dcce9177f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, министрлік
Су тасқынына қарсы күреске 360 арнайы техника дайын - министрлік
Гидротехникалық нысандардың 200 шақырымнан астам кірме жолдары қардан тазартылды
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынымен күресу үшін 360 бірлік арнайы техника дайындады, деп хабарлады
ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қазсушар" кәсіпорнының облыстық филиалдары су тасқынымен күресу үшін 360 арнайы техника дайындады.
Бұдан бөлек, 32,7 мың тоннадан астам инертті материал дайындалды және гидротехникалық нысандардың 200 шақырымнан астам кірме жолдары қардан тазартылды.
Министрлік "Қазсушар" филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін Үкіметтің қолдауымен 757 бірлік арнайы техника мен көлік сатып алуды бастады. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдарына 200-ден астам арнайы техника жеткізілді.
"Арнайы техника және инертті материалдар қоры төтенше оқиға туындаған жағдайда қажет. Барлық су шаруашылығы нысандарында "Қазсушар" мамандары тәулік бойы кезекшілік жүргізеді және су қоймалары мен өзендердегі су деңгейін бақылап отыр. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері еліміздің бірқатар облыстарында 1147 шақырым каналды механикалық тазалап, 230 гидротехникалық құрылысты жөндеді", - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.