Құтқарушылар ағаш отырғызды
09:08 21.03.2025 (жаңартылды: 09:19 21.03.2025)
© Төтенше жағдайлар министрлігіҚұтқарушылар ағаш отырғызды

© Төтенше жағдайлар министрлігі
Жазылу
Бұл іс-шаралардың мақсаты - экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны көгалдандыру
АСТАНА, 21 наурыз - Sputnik. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қатысуда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басшылығымен өткен жылдан бастап ведомствоның өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару бөлімшелерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Күн жылына бастағалы ТЖМ орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ еліміздегі аумақтық бөлімшелердің құтқарушылары өрт сөндіру бөлімдерінің аумақтарына ағаш отырғызып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 20 мыңнан астам шырша, қарағай, шетен, қайың және жөке көшеттері отырғызылды. Биылғы жылы дәстүр жалғасын тапты. Ведомство басшысы жұмыс сапары барысында Алматыда жас қарағай көшеттерін отырғызды. Осылайша эко-челлендж басталды.
"Алматы облысында құтқарушылар жедел-құтқару жасағының аумағында көгалдандыру акциясын өткізді. Жетісуда "Наурызнама" онкүндігі аясында экологиялық акция өтті. Қызылорда облысында Наурыз мейрамы қарсаңындағы дәстүр бойынша құтқарушылар тал екті. Маңғыстау облысында жаңа ағаштар көшеттері отырғызылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Түркістан облысы мен Шымкентте де жасыл желек отырғызу сенбіліктері өтті", - деп жазылған хабарламада.
© Төтенше жағдайлар министрлігіҚұтқарушылар ағаш отырғызды

Құтқарушылар ағаш отырғызды
© Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл іс-шаралардың мақсаты - экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны көгалдандыру. Ағаш отырғызу тек акцияға ғана емес, ол Қазақстан құтқарушылары бірлестігінің символы. Наурыз бірлік мерекесі ретінде қуанышты эмоцияларды ғана емес, болашаққа тіршілік нәрін сыйлайды.
Бұл бастамалар тек көгалдандыру ғана емес, сондай-ақ ұрпақтардың өркендеуі мен сабақтастығына негіз болатын игі істердің маңыздылығын еске салады.