Прокурорлар бірегей көлді мемлекетке қайтарды

Бас прокуратура
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды, деп хабарлады Бас прокуратура.
2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мың гектар Теке көлін бергені анықталды.
Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді.
Бұдан басқа, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.
"Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 млрд теңгені құрайтын жалпы ауданы 21,5 мың га ащы-тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, дейді ведомстводағылар.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Сенат Бюджет кодексін мәжіліске қайтарды
Жаңалықтар
0