ЕЭК және Стратегиялық бастамалар агенттігі ынтымақтастықты дамытуда

© Еуразиялық экономикалық комиссияЕЭК және Стратегиялық бастамалар агенттігі ынтымақтастықты дамытуда
ЕЭК және Стратегиялық бастамалар агенттігі ынтымақтастықты дамытуда - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
Стратегиялық бастамалар агенттігі 2011 жылы Ресей Федерациясы үкіметінің бұйрығымен құрылған
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Әлішеров Стратегиялық бастамалар агенттігінің бас директоры Светлана Чупшевамен кездесу өткізді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Тараптар ынтымақтастықтың бірқатар перспективалық бағыттарын талқылады. Озық тәжірибе алмасу мәселесіне ерекше назар аударылды.
ЕЭК Министрі айтқандай, мұндай өзара іс-қимылды дамыту Еуразиялық экономикалық одақ аясында төрт еркіндікті қамтамасыз етуде барынша тиімді құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Стратегиялық бастамалар агенттігі (СБА) - 2011 жылы Ресей Федерациясы үкіметінің бұйрығымен құрылған ресейлік коммерциялық емес ұйым. Экономикалық дамуға, бизнес-климатты жақсартуға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және заманауи басқару тәжірибесін енгізуге ықпал ететін стратегиялар мен бастамаларды әзірлеу және іске асыру Стратегиялық бастамалар агенттігінің негізгі мақсатыболып табылады.
Города мира. Тегеран - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім 15 мамырда күшіне енеді
Жаңалықтар
0