Үкімет банктерді өндірістік жобаларға инвестиция салуға шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Жазылу
Өндіріс, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы салаларына басымдық беріледі
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов банк өкілдерімен ел экономикасын дамыту жайын талқылады. Оларға елдегі бизнесті қаржыландырудың басымдықтарын өзгерту ұсынылды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЕДБ активтерінің тек 21,2%-ы бизнесті несиелендіруге тиесілі екенін, 16,5%-дан астамы кепілсіз тұтынушылық несиелерді құрайтынын, өтімділігі жоғары активтердің үлесі 29,6%-ға дейін өскенін баяндады.
"Жаңа Салық кодексі жобасында корпоративтік секторды несиелеуден түсетін кірістер бойынша КТС мөлшерлемесін 20% деңгейінде сақтау, ал тұтыну секторы үшін 25%-ға белгілеу және бірқатар қаржылық операцияға қатысты шамамен 500 млрд теңгені құрайтын ҚҚС жеңілдіктерін алып тастау ұсынылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл шаралар салық төлемдерін ұлғайтуға, салық жүктемесін теңестіруге және банктер активтерінің құрылымын теңестіруге, олардың ресурстарын нақты экономикаға бағыттауға арналған.
Әлеуетті ЖІӨ шегін мақсатты түрде арттыру стратегиялық мақсат болуы тиіс. Бұл орта және ұзақмерзімді кезеңде Қазақстан экономикасының өнімділігін арттыру үшін инвестицияларды қандай бағыттарға шоғырландыру керек екенін және қандай институционалдық қолдау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин кәсіпкерлікті қолдау мен несиелеудің негізгі құралдарын ұсынды. 2024 жылы Холдингтің экономика секторларын қолдауға қосқан жалпы үлесі шамамен 4 трлн теңгені құрады. 2025 жылы осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру көлемін 2027 жылға қарай 10 трлн теңгеге дейін одан әрі ұлғайта отырып, шамамен 8 трлн теңге бағыттау жоспарлануда. ЕДБ-ны нақты секторды қаржыландыруға тарту шеңберінде өтімділікті арттыруға бағытталған бірқатар шара ұсынылады.
84 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Өндіріс, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы салаларына басымдық беріледі. Мемлекеттік кепілдіктер ұлғайтылады, соның нәтижесінде құрылыс жұмыстары 13,1 мың шақырым автожол мен 585 шақырым теміржолды қамтиды.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 5 жылда 13 трлн теңгеден астам, оның ішінде биыл – 1,2 трлн теңге инвестиция салынады. Тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші – кемінде 19 млн шаршы метр үй салынады деп күтілуде. Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар ЖІӨ-нің өсуіне әкеледі.
Очереди у банкоматов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Қазақстандық банктер бюджетке 700 млрд теңге салық төледі
Жаңалықтар
0