https://sputnik.kz/20241219/qazaqstandyq-bankter-byudzhetke-700-mlrd-tenge-salyq-toledi-49200797.html
Қазақстандық банктер бюджетке 700 млрд теңге салық төледі
Қазақстандық банктер бюджетке 700 млрд теңге салық төледі
Sputnik Қазақстан
Екінші деңгейлі банктер активтерінің сомасы бір жылда 21,4%-ке, 58,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды 19.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-19T08:00+0500
2024-12-19T08:00+0500
2024-12-19T08:00+0500
банк
салық
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19068318_0:0:2998:1686_1920x0_80_0_0_516f2eb3972043ca419cf732170f1bb8.jpg
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның көптеген екінші деңгейлі банкі республикадағы 300 негізгі салық төлеушінің тізіміне енген. Биыл олар бюджетке 700 млрд теңгеден астам салық төлеген, деп хабарлады Ranking.kz.Ең көп салық төлеуші банктердің көш басында Kaspi банкі тұр. Былтыр банк пен оның еншілес ұйымдарының салық аударымдары 230 млрд теңгеден асқан.Екінші орында Halyk Bank, 2023 жылдың қорытындысы бойынша салық сомасы 222 млрд теңгеден асты (Қазақстандағы 10 еншілес ұйымы есепке алынды).Бұл екі банктің бюджетке төлеген салығы 12 ірі банк төлеген салықтың 64%-ін құрады.Үздік үштікті 64,6 млрд теңге салық төлеген Банк ЦентрКредит түйіндеді. Оның 4 еншілес ұйымы бар.Алғашқы бестікке сондай-ақ "Отбасы" банк (тәуелсіз ұйым, еншілес ұйымы жоқ: 38,4 млрд теңге) және Еуразиялық банк тобы (37,8 млрд теңге) кірді.Биыл екінші деңгейлі банктер активтерінің сомасы бір жылда 21,4%-ке, 58,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бес жылдық кезеңде активтер бірден 2,2 еседен астам өсті. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер активтерінің елдің жалпы ішкі өнімге қатынасы бір жыл ішінде 43,1%-ден 46,5%-ке өскен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19068318_220:0:2468:1686_1920x0_80_0_0_ecf2c7ce266a4f7befd6caf8662661d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, салық
Қазақстандық банктер бюджетке 700 млрд теңге салық төледі
Екінші деңгейлі банктер активтерінің сомасы бір жылда 21,4%-ке, 58,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның көптеген екінші деңгейлі банкі республикадағы 300 негізгі салық төлеушінің тізіміне енген. Биыл олар бюджетке 700 млрд теңгеден астам салық төлеген, деп хабарлады
Ranking.kz. Ең көп салық төлеуші банктердің көш басында Kaspi банкі тұр. Былтыр банк пен оның еншілес ұйымдарының салық аударымдары 230 млрд теңгеден асқан.
Екінші орында Halyk Bank, 2023 жылдың қорытындысы бойынша салық сомасы 222 млрд теңгеден асты (Қазақстандағы 10 еншілес ұйымы есепке алынды).
Бұл екі банктің бюджетке төлеген салығы 12 ірі банк төлеген салықтың 64%-ін құрады.
Үздік үштікті 64,6 млрд теңге салық төлеген Банк ЦентрКредит түйіндеді. Оның 4 еншілес ұйымы бар.
Алғашқы бестікке сондай-ақ "Отбасы" банк (тәуелсіз ұйым, еншілес ұйымы жоқ: 38,4 млрд теңге) және Еуразиялық банк тобы (37,8 млрд теңге) кірді.
Биыл екінші деңгейлі банктер активтерінің сомасы бір жылда 21,4%-ке, 58,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бес жылдық кезеңде активтер бірден 2,2 еседен астам өсті. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер активтерінің елдің жалпы ішкі өнімге қатынасы бір жыл ішінде 43,1%-ден 46,5%-ке өскен.