Ескілердің ерегескен қарсылығы, астыртын айқасы әлі де жалғасып жатыр - Бәпи

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Жазылу
Бәпи мәжіліске келгеннен кейін нені түсінгенін де айтты
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи бұрынғы биліктің ерегескен қарсылығы, астыртын айқасы әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжәлісте Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейінгі жолдауына арналған отырыс өтті. Сол кезде президент саяси реформаларды бастады. Депутат Ермұрат Бәпидің айтуынша, Қазақстанның жаңа тарихында "реформалар кезеңі" деген таңбамен қалатын дәуірдің барысында түрлі себептерге байланысты кідірістер де бар.

"Елдегі 30 жылдық сірескен авторитарлық сүрі мұраның "мұрынын бұзып", қыр арқасын қирату жаңа билікке де оңайға түсіп жатпағанын іргеден сезініп жүрміз. Ескілердің ерегескен қарсылығы қаңтардан кейін де дамыл тапты дей алмаймыз. Қазыналық-бюджеттік астаудан қағылған, халықтық мұраға мұртын батыру дағдысына қайтып оралуды аңсаған олардың астыртын айқасы әлі де жалғасып жатыр", - дейді Бәпи.

Оның сөзіне қарағанда, "ескілер протестік пиғылдағы қауымдастықты өз қатарына қосуға тырысып келеді.
"Әлеуметтік желілерде жалаулатып жүрген жекелеген қоғамдық пікір серкелерінің "Жаңа Қазақстанға" қарай атқан тасы "ескілердің" есесін күйттейтіне куә болып жүрміз", - дейді депутат.
Бәпи мәжіліске келгеннен кейін нені түсінгенін де айтты.
"Жеке дара билікке табыну дерті өн бойына сіңіп кеткен мемлекеттік-бюрократиялық аппаратты да созылмалы автократиялық дерттен айықтыру оңай болмай тұрғанына осы ортаға келген менің көзім әбден жетті", - деді ол.
Айта кетері, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Назарбаев кеткеннен кейін парламенттің қалай өзгергенін нақты мысалдармен дәлелдеді.
Девочка с мобильным телефоном в руках сидит на лестничной площадке - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Депутат балалардың гаджетті пайдалану уақытын мемлекеттік деңгейде бақылауды ұсынды
Жаңалықтар
0