Астанада жұмыс кестесі қашан өзгереді

© Sputnik / Владислав ВодневСаммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Жазылу
Әкімдіктің қазіргі ұсынысы бойынша кейбір ұйымдар таңғы сағат 7:30-дан бастап жұмысқа кірісуі керек
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден көлік кептелісі проблемасын шешу үшін кейбір ұйымдардың жұмыс кестесі қай кезде өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке кептеліс мәселесін шешуді тапсырған болатын. Жергілікті билік кейбір ұйымдардың жұмыс кестесін өзгертуді ұсынып отыр. Оны мәслихат депутаттары бекітуі керек.
Мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабденнің айтуынша, бұл мәселе жақын арада қаралады.
"Бүгінде таңғы және кешкі уақытта өте үлкен кептеліс болады. Әсіресе, қаланың сол және оң жағалауы арасында қатынау қиын. Осыған байланысты бүгінде кейбір ұйымдардың жұмыс кестесін өзгерту ұсынылып отыр. Біреуде жұмыс ерте басталады, енді біреулер сәл кештеу барады. Меніңше, осы шешімнің арқасында кептеліс азаяды. Оны жақын арада қабылдаймыз. Сосын бәріне хабарлаймыз", - деді Зейнұлқабден журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда мәслихат басшысы бұрын ондай тәжірибе болғанын да еске салды.
"Бұрын ондай болған. 2014-2015 жылдары болды. Сондықтан осы шешімді қабылдауға көп уақыт кетпейді. Жақын арада айтамыз", - деп атап өтті Зейнұлқабден.
Айта кетері, әкімдіктің қазіргі ұсынысы бойынша кейбір ұйымдар таңғы сағат 7:30-дан бастап жұмысқа кірісуі керек. Сонда кептеліс азаяды.
емханалар, ауруханалар - 7.30-дан (8.00 орнына);
балабақшалар, мектептер - сағат 8.00-ден бастап;
министрліктер - 8.30 бастап (9.00 орнына);
ұлттық компаниялар - 8.30-дан бастап (9.00 орнына);
банктер - 9.30 бастап (9.00 орнына);
сауда және бизнес орталықтары-10.00-ден (9.00 орнына).
Автомобили на дорогах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Көлік кептелісін реттеу үшін жұмыс кестесін өзгерту қажет - Астана әкімдігі
Жаңалықтар
0