https://sputnik.kz/20250318/kolik-keptelisin-retteu-ushin-zhumys-kestesin-ozgertu-qazhet---astana-akimdigi-51714789.html
Көлік кептелісін реттеу үшін жұмыс кестесін өзгерту қажет - Астана әкімдігі
Көлік кептелісін реттеу үшін жұмыс кестесін өзгерту қажет - Астана әкімдігі
Sputnik Қазақстан
Астана билігі бұл ұсынысты үкіметтік деңгейде көтереміз деп отыр 18.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-18T14:52+0500
2025-03-18T14:52+0500
2025-03-19T06:59+0500
астана
көлік
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936444_0:312:3001:2000_1920x0_80_0_0_af6bc969e85189fa61578bd98b12e1ec.jpg.webp
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Көлік кептелісі проблемасын шешу үшін Астана әкімдігі кейбір ұйымдардың жұмыс кестесін өзгертуді ұсынды.Елордалық мәслихат отырысында елорда әкімінің орынбасары Еркін Өтебаев қарбалас уақытта жолдардағы жүктеме төмендейтінін айтты.Әкімдік келесі жұмыс кестесін ұсынды:Астана билігі бұл ұсынысты үкіметтік деңгейде көтереміз деп отыр. Егер министрлер кабинеті елордалық шенеуніктерді қолдайтын болса, онда қоғамдық көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары үйден ертерек шығуға мәжбүр болады.Қаңтар айында Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке кептеліс мәселесін шешуді тапсырды. Шұғыл шаралар қабылдау қажет, деді сол кезде президент.
https://sputnik.kz/20250309/astanada-tzhd-qyzmetkerleri-pater-kiltin-aldy-51456549.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936444_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_afc4e82f48bb5b61875aab7dcca8ee4d.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, көлік
Көлік кептелісін реттеу үшін жұмыс кестесін өзгерту қажет - Астана әкімдігі
14:52 18.03.2025 (жаңартылды: 06:59 19.03.2025) Астана билігі бұл ұсынысты үкіметтік деңгейде көтереміз деп отыр
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Көлік кептелісі проблемасын шешу үшін Астана әкімдігі кейбір ұйымдардың жұмыс кестесін өзгертуді ұсынды.
Елордалық мәслихат отырысында елорда әкімінің орынбасары Еркін Өтебаев қарбалас уақытта жолдардағы жүктеме төмендейтінін айтты.
Әкімдік келесі жұмыс кестесін ұсынды:
емханалар, ауруханалар - 7.30-дан (8.00 орнына);
балабақшалар, мектептер - сағат 8.00-ден бастап;
министрліктер - 8.30 бастап (9.00 орнына);
ұлттық компаниялар - 8.30-дан бастап (9.00 орнына);
банктер - 9.30 бастап (9.00 орнына);
сауда және бизнес орталықтары-10.00-ден (9.00 орнына).
Астана билігі бұл ұсынысты үкіметтік деңгейде көтереміз деп отыр. Егер министрлер кабинеті елордалық шенеуніктерді қолдайтын болса, онда қоғамдық көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары үйден ертерек шығуға мәжбүр болады.
"Бұл жарты сағат бола ма, бір сағат бола ма, біз олармен сөйлесетін боламыз. Білім беру, денсаулық сақтау нысандары бұл жұмысты сәтті іске асыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл ұсыныс нақтылауды қажет етеді. Бастапқы кезеңде бұл ең жылдам әрі, оңтайлы шешім болады деп сенеміз", - деді Өтебаев.
Қаңтар айында Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке кептеліс мәселесін шешуді тапсырды. Шұғыл шаралар қабылдау қажет, деді сол кезде президент.