449 млн теңге жымқырған: Қарағандыда "Еңбек" мекемесінің басшылары тергеліп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Жазылу
Қылмыспен тапқан қаражатқа күдіктілер Алматыдан жеке үй мен "BMW X6" автокөлігін сатып алып, оны жасыру үшін басқа адамдарға рәсімдеген
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қарағанды облыстық "Еңбек" РММ филиалының бұрынғы басшылары тергеліп жатыр, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.
Олар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
"2021-2023 жылдары мекеме және оның аймақтық филиалы "бір көзден сатып алу" әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісімшарт жасаған. Алайда, тауарлар жеткізілмеген, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған" - дейді ведомстводағылар.
Күдіктілер қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған.
"Ол ақшаны бөліп, өзінің бақылауындағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған. Бұл келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге қаражат қолма қол ақшаға айналған", - дейді агенттіктегілер.
Қылмыспен тапқан қаражатқа күдіктілер Алматыдан жеке үй мен "BMW X6" автокөлігін сатып алып, оны жасыру үшін басқа адамдарға рәсімдеген. Қазіргі уақытта бұл мүліктерге тыйым салынып, күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
Жаңалықтар
0