Тоқаев Сәтқалиевті жаңа қызметке тағайындады

© Sputnik / Санат ИмангалиевБрифинг главы Минэнерго Алмасадама Саткалиева
Брифинг главы Минэнерго Алмасадама Саткалиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметін атқарған болатын
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметін атқарған болатын.
Еске сала кетейік, бүгін президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды.

Алмасадам Сәтқалиев туралы не білеміз

Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "механик, қолданбалы математик" мамандығы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.
1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.
2001-2006 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымын атқарды.
2006-2007 жылдары "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.
2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 2008-
2009 жылдары – "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары – "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ президенті.
2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары – "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.
2018 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болды.
2021 жылы наурыздың соңында "Самұрық-Қазына" қорының басшылығына келді.
2023 жылдың 4 сәуірінен бүгінгі күнге дейін энергетика министрі болды.
Архивное фото АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды – Тоқаев жарлыққа қол қойды
Жаңалықтар
0