Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды – Тоқаев жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Виктор ТолочкоАрхивное фото АЭС
Архивное фото АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Ведомство Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынады және есеп береді
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды.
Ведомство Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынады және есеп береді. Оған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі салаларындағы функциялары және өкілеттіктері беріледі.
"Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын", - деп жазылған құжатта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Үкімет тағы екі АЭС салынатын жерді анықтауға кірісті
Жаңалықтар
0