https://sputnik.kz/20250318/qazaqtyn-biregey-shygarmalary-nyu-york-kitapkhanasyna-qoyyldy-51714322.html
Қазақтың бірегей шығармалары Нью-Йорк кітапханасына қойылды
Қазақтың бірегей шығармалары Нью-Йорк кітапханасына қойылды
Sputnik Қазақстан
Олардың арасында Абай Құнанбайұлының шығармалары, Шоқан Уәлихановтың таңдаулы еңбектері бар 18.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-18T14:07+0500
2025-03-18T14:07+0500
2025-03-18T14:11+0500
кітапхана
нью-йорк
https://sputnik.kz/img/07e9/03/12/51714160_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_2c87582cafcae7419a5462deaa0cf72a.jpg
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Нью-Йорк бұқаралық кітапханасы белгілі қазақ ойшылдары мен композиторларының шығармаларымен толықтырылды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.Нью-Йорктің "The New York Public Library" бұқаралық кітапханасына қазақ ақын-жазушылары мен композиторларының шығармаларын тапсыру рәсімі өтті. Туындылар Нью-Йорк кітапханасына сыйға берілді.Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Рауан Тілеулин қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармалары, Шоқан Уәлихановтың таңдаулы еңбектері, Жабайхан Әбділдин мен Раушан Әбділдинаның "Abai. Philosopher. Reformer. Humanist" туындысы, сондай-ақ заманауи қазақ прозасы мен поэзиясының жинақтарымен таныстырды."Global Music Partnership" негізін қалаушы Владимир Дё атақты қазақ композиторы Қуат Шілдебаевтың соло скрипкасына және ішекті аспаптарға арналған "Қаракемер" күйінің партитураларын ұсынды.1895 жылы негізі қаланған Нью-Йорк бұқаралық кітапханасы – бүкіл Нью-Йорк бойынша 90-нан астам филиалы бар әлемдегі ірі кітапхана институттарының бірі.
https://sputnik.kz/20250305/zhenistin-80-zhyldygyna-tartu-qaragandy-oblysynda-maydangerler-zhayly-kitap-zharyqqa-shygady-51365912.html
нью-йорк
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/12/51714160_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_dce92c04e1c3c59dea9951cd8a2b3177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кітапхана, нью-йорк
Қазақтың бірегей шығармалары Нью-Йорк кітапханасына қойылды
14:07 18.03.2025 (жаңартылды: 14:11 18.03.2025) Олардың арасында Абай Құнанбайұлының шығармалары, Шоқан Уәлихановтың таңдаулы еңбектері бар
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Нью-Йорк бұқаралық кітапханасы белгілі қазақ ойшылдары мен композиторларының шығармаларымен толықтырылды, деп хабарлайды
сыртқы істер министрлігі.
Нью-Йорктің "The New York Public Library" бұқаралық кітапханасына қазақ ақын-жазушылары мен композиторларының шығармаларын тапсыру рәсімі өтті. Туындылар Нью-Йорк кітапханасына сыйға берілді.
Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Рауан Тілеулин қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармалары, Шоқан Уәлихановтың таңдаулы еңбектері, Жабайхан Әбділдин мен Раушан Әбділдинаның "Abai. Philosopher. Reformer. Humanist" туындысы, сондай-ақ заманауи қазақ прозасы мен поэзиясының жинақтарымен таныстырды.
"Global Music Partnership" негізін қалаушы Владимир Дё атақты қазақ композиторы Қуат Шілдебаевтың соло скрипкасына және ішекті аспаптарға арналған "Қаракемер" күйінің партитураларын ұсынды.
"АҚШ-та алғаш рет жарық көрген партитура батыс орындаушыларына қазақтың бірегей фольклорын өз репертуарына қосуға мүмкіндік береді. Ол эпикалық музыкалық баяндау формасына негізделген және өзара шығармашылық ынтымақтастыққа шабыттандырады деген ойдамын", – деді ол.
1895 жылы негізі қаланған Нью-Йорк бұқаралық кітапханасы – бүкіл Нью-Йорк бойынша 90-нан астам филиалы бар әлемдегі ірі кітапхана институттарының бірі.