Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жеңістің 80 жылдығына тарту: Қарағанды облысында майдангерлер жайлы кітап жарыққа шығады

© Sputnik / Vladimir Vyatkin / Медиабанкке өтуҰлы Отан соғысы ардагерлері
Ұлы Отан соғысы ардагерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
Тарих мұрағат көмегімен қалпына келтірілді
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Қарағанды ​​облысының Қарқаралы қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай майдангерлер туралы кітап жазылып жатыр. Батыр аталарымыздың ерлігі жайлы тарих музей мұрағаттары мен ұрпақтарының әңгімелері арқылы қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлады әкімдік.

"Қарқаралы өңірінен соғысқа шақырылғандардың барлығының өмірбаянын жинақтау идеясын тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұсынған. Олар Отан үшін от кешкен жауынгерлердің тарихын жүйелеуді 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бастады", - деп хабарлады әкімдік.

© Photo : Акимат Карагандинской области Қарқаралыда майдангерлер жайлы кітап жазылып жатыр
Книгу о фронтовиках пишут в Каркаралинске - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Қарқаралыда майдангерлер жайлы кітап жазылып жатыр
Енді араға 10 жыл салып, сол кезде жинақталған материалды толықтырып, кітап етіп шығаруды жөн көрген. Жобаны музей қызметкерлерімен бірге белгілі өлкетанушы Саят Оспанов та қолға алды.

"Бүгінгі күнге дейін 124 майдангер туралы ақпарат түсті, бірақ бізге ұрпақтарының аузынан естіген әңгіме аз, біз әскери комиссариаттың құжаттарын, өмірбаяны мен фотосуреттерін де дәлел ретінде сұраймыз", - дейді ол.

Материал жинақтау наурыз айының соңына дейін жалғасады, кітапты Жеңістің 80 жылдық мерейтойына дейін шығару жоспарланып отыр.
Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің мәліметі бойынша 1941-1945 жылдары майданға 2178 адам аттанған. Оның 737-і ғана елге оралыпты.
К 80-летию Великой Победы оркестр исполнил песни военных лет в торговом центре Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Астанада әскерилер Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарындағы әндерді шырқады
Жаңалықтар
0