Қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4 пайызды құрады

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Бектенов президентке ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеудің жаңа бағыттары және экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жөнінде баяндалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4 пайызды құрады.
Премьер-министр Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында мемлекет басшысы жүктеген ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыруға, цифрландыру мен адами капиталды дамытуға қатысты міндеттерді орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы жетекшілік ететін Республикалық штабтың су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі есебін тыңдады. Жағдай тәулік бойы бақылауға алынған. 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника дайындалды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы экономиканың нақты секторын қолдау, инвестиция тарту және әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Бектенов кәсіпкерлерге: "Салықты екі апта ішінде төлеуге шақырамын"
Жаңалықтар
0