https://sputnik.kz/20250228/bektenov-kasipkerlerge-salyqty-eki-apta-ishinde-toleuge-shaqyramyn-51227895.html
Бектенов кәсіпкерлерге: "Салықты екі апта ішінде төлеуге шақырамын"
Бектенов кәсіпкерлерге: "Салықты екі апта ішінде төлеуге шақырамын"
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және қаржы министрі Мәди Такиевпен салық пен бюджет... 28.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-28T14:34+0500
2025-02-28T14:34+0500
2025-02-28T14:34+0500
салық
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50450957_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6e2057eeaccdaa7905af3fd9d3430c64.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және қаржы министрі Мәди Такиевпен салық пен бюджет мәселелерін талқылады."Талдау көрсеткендей, мұндай режимдер арасындағы өзара есеп айырысу өткен жылы 2 есеге – 5 триллионнан 10 триллион теңгеге дейін өсті. Бұл ретте арнайы салық режимдері бойынша 16 триллион теңгенің жалпы айналымынан жалпыға бірдей белгіленген режиммен өзара есеп айырысу 10 триллион теңгені құрайды. Яғни, жүздеген миллиард теңге табыс тауып, салық төлеушілер аз ғана салық төлейді", — деді Мәди Такиев.Бектенов өз кезегінде салық жүктемесін оңтайландырудың әртүрлі схемаларын қолдана отырып, міндетін адал атқармайтын кәсіпкерлердің бар екенін айтты. Премьердің айтуынша, миллиардтаған айналымы болғанмен, олар бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді.Үкімет басшысы осындай ірі компаниялардың иелері мен басшыларына ескерту жасады. "Бүгін-ертең сіздердің компанияларыңызға салық органдарынан қосымша салық сомаларын төлеу қажеттілігі туралы хабарламалар келіп түседі. Баршадан екі апта ішінде салық органдарына қосымша салық декларацияларын тапсыруды және әділетті салық сомасын төлеуді сұраймын. Егер бұл әрекеттер жасалмаса, онда мемлекет фискалдық және құқық қорғау органдарын қосқанда, мемлекет иелігіндегі барлық ресурстарды қолдану құқығын өзіне қалдырады. Талап қатаң болады, бірақ егер бизнес мемлекет алдындағы міндеттемесін әділетті түрде орындаса, біз диалог құруға дайынбыз", — деді Олжас Бектенов.
https://sputnik.kz/20250227/arnauly-salyq-rezhimine-qanday-ozgeris-engiziledi-51212141.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50450957_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6d8afe413edd89f882a4d6050fe49ea8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, олжас бектенов
Бектенов кәсіпкерлерге: "Салықты екі апта ішінде төлеуге шақырамын"
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және қаржы министрі Мәди Такиевпен салық пен бюджет
мәселелерін талқылады.
"Талдау көрсеткендей, мұндай режимдер арасындағы өзара есеп айырысу өткен жылы 2 есеге – 5 триллионнан 10 триллион теңгеге дейін өсті. Бұл ретте арнайы салық режимдері бойынша 16 триллион теңгенің жалпы айналымынан жалпыға бірдей белгіленген режиммен өзара есеп айырысу 10 триллион теңгені құрайды. Яғни, жүздеген миллиард теңге табыс тауып, салық төлеушілер аз ғана салық төлейді", — деді Мәди Такиев.
Бектенов өз кезегінде салық жүктемесін оңтайландырудың әртүрлі схемаларын қолдана отырып, міндетін адал атқармайтын кәсіпкерлердің бар екенін айтты. Премьердің айтуынша, миллиардтаған айналымы болғанмен, олар бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді.
"Бізде осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Ол тізімде BI Group, BAZIS және басқа да көптеген ірі құрылыс компаниялары жүр. Экономиканың басқа салаларында жұмыс істейтін белгілі әрі танымал мейрамханалар, фитнес-клубтар және әртүрлі компаниялар бар", - деп тізді Бектенов.
Үкімет басшысы осындай ірі компаниялардың иелері мен басшыларына ескерту жасады.
"Бүгін-ертең сіздердің компанияларыңызға салық органдарынан қосымша салық сомаларын төлеу қажеттілігі туралы хабарламалар келіп түседі. Баршадан екі апта ішінде салық органдарына қосымша салық декларацияларын тапсыруды және әділетті салық сомасын төлеуді сұраймын. Егер бұл әрекеттер жасалмаса, онда мемлекет фискалдық және құқық қорғау органдарын қосқанда, мемлекет иелігіндегі барлық ресурстарды қолдану құқығын өзіне қалдырады. Талап қатаң болады, бірақ егер бизнес мемлекет алдындағы міндеттемесін әділетті түрде орындаса, біз диалог құруға дайынбыз", — деді Олжас Бектенов.