Отандық фильмдер прокатта қанша ақша жинады

© Sputnik / Тимур Батыршин"Қазақфильм" киностудиясы
Қазақфильм киностудиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. “TOP PRO CINEMA” продюсерлік орталығының бас директоры Александр Аксютиц үкімет басшысына қазақстандық фильмдердің прокатта қанша ақша жинағанын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық фильмдер кинотеатрларда 22 млрд теңгеден астам қаражат жинаған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда үштен бір бөлікке артық.

"Сонымен қатар прокатка шыққан картиналардың саны бір жылда 65-тен 107-ге дейін өсті, яғни екі есеге жуық. Одан да маңыздысы – қазақстандықтардың ұлттық киноға деген қызығушылығы артып келеді. Өткен жылы ең көп табыс тапқан 20 үздік фильмнің 70%-ы отандық өндіріс болып саналады", - дейді Аксютиц.

Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын отандық кинотеатрлардың негізгі табысы шетелдік фильмдерден түскен.
Вход на киностудию Казахфильм  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2024
"Алтын адам" аниматорларының жалақысын Қазақфильм төлеп береді – Ұлттық кино орталығы
Жаңалықтар
0