https://sputnik.kz/20240722/altyn-adam-animatorlarynyn-zhalaqysyn-qazaqfilm-tolep-beredi---ulttyq-kino-ortalygy-45818288.html
"Алтын адам" аниматорларының жалақысын Қазақфильм төлеп береді – Ұлттық кино орталығы
"Алтын адам" аниматорларының жалақысын Қазақфильм төлеп береді – Ұлттық кино орталығы
Sputnik Қазақстан
387 млн қаржы бөлінген "Алтын адам" анимациялық фильмінің мәселесі сотта қаралып жатыр 22.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-22T18:25+0500
2024-07-22T18:25+0500
2024-07-22T18:25+0500
қазақфильм
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/09/18608050_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_4212b557cdad2027044194a8a54cc19d.jpg
АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. "Алтын адам" анимациялық фильмінің мәселесі сотта қаралып жатыр. Ұлттық киноны қолдау орталығы "Қазақфильм" мен аниматорлар арасындағы дауға қатысты түсініктеме берді.Еске сала кетейік, "Алтын адам" туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, Қазақфильм ғимаратының алдында наразылыққа шыққан болатын."Алтын адам" анимациялық фильмін Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы аниматорлары жасаған. Бұл анимациялық жобаның негізгі мақсаты – қазақ үшін қадірлі "Алтын адамның" рухани маңызын ашып көрсету.Жоспар бойынша 2020-2021 берілу керек болған кино 2023 жылға дейін созылған. Бірақ бұл жылы да бітпей қалған."2023 жылдың соңында да орындаушы сараптама кеңесі енгізген 126 ескертуді елемеген. Осыған байланысты "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, жоба үш жылға дейін созбалаңға салынғандықтан, бір тоқтамға келуі тиіс болды. Орындаушыға атқарылған жұмыс үшін жалпы құны 294 млн теңге төленді. Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аяқталмаған жобаларға мемлекет қаржы бөлмейді" – дейді ведомство.Осыған байланысты қалған 84 миллион теңге республикалық бюджетке қайтарылды. Сондай-ақ 2023 жылдың соңында анимациялық жоба тапсырылмағандықтан, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" сотқа шағым түсірген."Ендігі кезекте "Қазақфильмнің" жобаға жауапты ұжымы фильмді өзара келісім арқылы аяқтап, "Алтын адам" анимациялық фильмін прокатқа шығарады. Одан түскен таза табыстың 20%-і Кино орталығына аударылса, қалған 80%-і "Қазақфильмнің" үлесінде қалады. Осылайша "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы аталған жобаның түсірілім тобы алдындағы берешегін өтейді", - дейді Ұлттық кино орталығы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/09/18608050_0:67:2234:1742_1920x0_80_0_0_50899c0fba800bf9c11dbb99f75ce960.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақфильм
"Алтын адам" аниматорларының жалақысын Қазақфильм төлеп береді – Ұлттық кино орталығы
387 млн қаржы бөлінген "Алтын адам" анимациялық фильмінің мәселесі сотта қаралып жатыр
АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. "Алтын адам" анимациялық фильмінің мәселесі сотта қаралып жатыр. Ұлттық киноны қолдау орталығы "Қазақфильм" мен аниматорлар арасындағы дауға қатысты түсініктеме берді.
Еске сала кетейік, "Алтын адам" туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, Қазақфильм ғимаратының алдында наразылыққа шыққан болатын.
"Алтын адам" анимациялық фильмін Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы аниматорлары жасаған. Бұл анимациялық жобаның негізгі мақсаты – қазақ үшін қадірлі "Алтын адамның" рухани маңызын ашып көрсету.
"Жоба "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына" 2020 жылы ұсынылған. Жалпы құны – 378 млн теңге. Келісімшарт бойынша киножоба 2021 жылы аяқталуы тиіс болатын. Бірақ орындаушы міндеттемелердің үдесінен шықпай, жұмысты толық аяқтамады және фильмді белгіленген уақытта өткізбеген", - дейді Ұлттық кино орталығы.
Жоспар бойынша 2020-2021 берілу керек болған кино 2023 жылға дейін созылған. Бірақ бұл жылы да бітпей қалған.
"2023 жылдың соңында да орындаушы сараптама кеңесі енгізген 126 ескертуді елемеген. Осыған байланысты "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, жоба үш жылға дейін созбалаңға салынғандықтан, бір тоқтамға келуі тиіс болды. Орындаушыға атқарылған жұмыс үшін жалпы құны 294 млн теңге төленді. Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аяқталмаған жобаларға мемлекет қаржы бөлмейді" – дейді ведомство.
Осыған байланысты қалған 84 миллион теңге республикалық бюджетке қайтарылды. Сондай-ақ 2023 жылдың соңында анимациялық жоба тапсырылмағандықтан, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" сотқа шағым түсірген.
"Ендігі кезекте "Қазақфильмнің" жобаға жауапты ұжымы фильмді өзара келісім арқылы аяқтап, "Алтын адам" анимациялық фильмін прокатқа шығарады. Одан түскен таза табыстың 20%-і Кино орталығына аударылса, қалған 80%-і "Қазақфильмнің" үлесінде қалады. Осылайша "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы аталған жобаның түсірілім тобы алдындағы берешегін өтейді", - дейді Ұлттық кино орталығы.