Алматыда биыл 20 жаңа өндіріс жобасы іске қосылады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаQarmet комбинаты
Qarmet комбинаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
2024 жылы негізгі капиталға инвестиция 8%-ға дейін өсті
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Алматыда жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінде 20 жаңа жоба іске қосылады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл үш мыңға жуық жұмыс орнын ашып, мегаполистің елдегі негізгі экономикалық орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайта түсетіні айтылды.
2024 жылы негізгі капиталға инвестиция 8%-ға дейін өсті. Айтарлықтай бөлігі өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған.
"Жалпы, өндіріс өнімін Алматы индустриялық аймағы мен "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының кәсіпорындары қамтамасыз етеді. 2025 жылы Алматының индустриалды аймағында 2637 жұмыс орны ашылатын 132,5 млрд теңгенің 15 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады", - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әбілқайыр Аймұхамбет.
2024 жылы Алматы бюджеті 2 триллион теңгеге толықтырылғаны, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық екені айтылды.
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Алматыда қаржы пирамидасы салымшылардан 12,4 млрд теңге тартқан
Жаңалықтар
0