https://sputnik.kz/20250317/boten-adamnyn-etsq-syn-qoldangandar-ushin-zhaza-merzimi-uzartyldy-51662333.html
Бөтен адамның ЭЦҚ-сын қолданғандар үшін жаза мерзімі ұзартылды
Бөтен адамның ЭЦҚ-сын қолданғандар үшін жаза мерзімі ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Жаңа нормалар 2025 жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енді 17.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-17T13:53+0500
2025-03-17T13:53+0500
2025-03-17T13:53+0500
әкімшілік айыппұл
заң
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерін заңсыз қолданғандар үшін жауапкершілікке тарту мерзімі екі айдан бір жылға дейін ұзартылды, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.Бұдан былай дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу, нақты айтқанда оларды заңсыз жинау, өңдеу және қорғау шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдың мөлшері үш есе ұлғайтылады. Бұрын айыппұл құқық бұзушылықтың құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.Қабылданған шаралар азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ақпараттандыру саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
https://sputnik.kz/20250226/elektrondy-meditsinalyq-anyqtama-75-mlrd-tenge-tabys-akeldi-51169155.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкімшілік айыппұл, заң
Бөтен адамның ЭЦҚ-сын қолданғандар үшін жаза мерзімі ұзартылды
Жаңа нормалар 2025 жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енді
АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерін заңсыз қолданғандар үшін жауапкершілікке тарту мерзімі екі айдан бір жылға дейін ұзартылды, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұдан былай дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу, нақты айтқанда оларды заңсыз жинау, өңдеу және қорғау шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдың мөлшері үш есе ұлғайтылады. Бұрын айыппұл құқық бұзушылықтың құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.
"Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау бойынша тіркеу куәлігінің иесі тарапынан қажетті шараларды қабылдамау жағдайларына ғана қолданылатын. Енді өзгерістер күшіне енгеннен кейін, ЭЦҚ-ны заңсыз берген де, оны пайдаланған тұлғалар жауапкершілікке тартылады" - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралар азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ақпараттандыру саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.