Электронды медициналық анықтама 7,5 млрд теңге табыс әкелді

© Photo : РixabayРучка, бумага. Иллюстративное фото
Ручка, бумага. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Медициналық анықтаманың электронды нұсқасы мемлекетке 7,5 млрд теңге табыс әкелді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун айтты.
Медициналық анықтамаларды электронды форматқа көшіру арқылы барлық дерек денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Ал азаматтар мен медициналық ұйымдар анықтамаларға цифрлық сервистер арқылы қол жеткізе алады.
"Қағаздан бас тарту арқылы шамамен 450 млн теңге үнемделді, цифрландыру министрлігі жанындағы Цифрлық трансформация орталығының бағалауы бойынша 7,5 млрд теңге "көлеңкеден" шығарылды", - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Дмитрий Мун.
Цифровое удостоверение личности - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Қаңтардан бастап медициналық анықтамалардың сегіз түрі электрондық түрде берілетін болады
Жаңалықтар
0