Қадір түні – 2025: сансыз сауапқа бөленетін түн

© AFP 2024 / R. Satish BabuМұсылман
Мұсылман - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2025
Жазылу
"Қадір" сөзі "үкім түні" деген мағына білдіреді дейді ғалымдар
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Ораза кестесінде Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түнді Қадір түні деп белгіледі. Қадір түні – мұсылман үшін ризыққа мол түн. Жер бетіндегі қыбыр еткен тіршілікке Алланың ырыздығы мен несібесі төгілетін қаситетті түн қандай мағына береді? Қадір түні туралы не білу керек?
Құран Кәрім туралы мәшһүр ғалым Ибн Кәсир "Қадір" сөзінің үш мағынасы барын айтады. Оның айтуынша, "Қадір" сөзі "үкім түні" деген мағына білдіреді. Бұл түні Алла бетін құбылаға бұрып, сәждеге иіп, шын жүрегімен тілеу тілеген пендесінің біліп, білмей істеген күнәсін кешіріп, қалған ғұмыры, ұрпағына ырзық-несібе беретін күн.
Құран Кәрімде:
فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ
"Ол кеште барлық хикметті істер айырылады", [1] - деп бұйырылған.
"Бұл түнде келесі жыл істерінің тағдыры жазылады", – деді ("Тафсир әт-Табари" 25/65).
"Қадір" сөзі "абырой, бедел" мағынасын береді. Яғни, қадір түні – ұлық және аса қадірлі түн. Бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құранда:
لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ
"Қадір түні мың айдан да қайырлы",[2] - деп баяндалады.

Қадір түні туралы білесіз бе

Мешіт өкілдерінің айтуынша, кейбір мұсылман Қадір түні зиярат етіп, Аллаға құлшылық жасағанымен, бұл түннің тарихи мәніне үңіле бермейді.
Қадір түні... Бұл түннің салмағы қандай? Қадір түнінің маңызын білмей тұрып, қадірін білу мүмкін емес. Бірақ Құран кәрімде бұл түннің пенде үшін берер пайдасы туралы да кеңінен айтып түсінідірілген.
لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ

"Қадір түні мың айдан да қайырлы"

"Қадір түні –ең қадірлі түн! Алла Тағала оны берекелі етіп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ осы түнді мың айдан да маңыздырақ (қайырлы) етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді екен. Есептесек, мың ай дегеніміз 83 жыл 4 айлық уақыт екен. Демек, Қадір түніндегі құлшылығымыз 83 жылдық ғибадаттың сауабына тең болмақ. 95 жылдық адам өмірін алсақ, оның 15 жылы балиғат жасы болып саналады, сонда толық 80 жыл өмір сүргені", - деп жазды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы.

Таң бозарып атқанша...

Мұнда мұсылманға сол түнді Құранның түсе бастағанын, адамзатты қараңғылықтан нұрға бөленгенін ойлап, шынайы ынтамен Құран оқып, нәпіл және қаза намаздарын оқып, дұғамен өткізуі насихатталған. Алла Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын):
مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِه
"Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі",– дейді.
Ең кереметі сол - осы түнді мың айдан артық еткен Құранның сол түні түсе бастауында жатыр, дейді мешіт өкілдері. Мұсылманның басты міндеті – алдымен Құран оқуды үйреніп, одан кейін мағынасы мен тәпсірін меңгеріп сол білгендерімен амал ету, дейді мүфтият. Білген білімі мен ілімін өзгеге уағыздап, сол түні таң бозарып атқанша ұйықтамай мұсылманды тура жолға бастайтын уағыз айту парыз.

Қадір түнінің ұлылығы

Аллаға бет бұрып, құлшылық етіп сауапқа кенелу үшін ең ұтымды кезең – Қадір түні. Құранда құлшылық ету адамның бұл фәниден өткендегі өмірін де нұрландыратыны айтылған.
Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай деп айтқан: "Рамазан келгенде, Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): "Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!", – деп айтты"[6].
Алла Тағала адам баласын өзіне құлшылық етсін деп жаратқан.

Қадір түнінің белгілері

Қадір түні табиғат ерекше бір күйге бөленеді. Бұл күні ауа райы да жайлы, түннің өзі ерекше мейірімге бөленетін түн. Бұл туралы Құранда былай жазылған:
Әбу Ибн Каъб (р.а.) Пайғамбардың (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін айтты:
وَأَمَارَتُهَا أَنْ تَطْلُعَ الشَّمْسُ فِي صَبِيحَةِ يَوْمِهَا بَيْضَاءَ لَا شُعَاعَ لَهَا
"Ол күннің таңында күн аппақ болып шығады және сәулелері болмайды"[19].
Ъибада ибн Ас-Самит (р.а.) Пайғамбардың (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін айтты:
لَا حَرَّ فِيهَا وَ لَا بَرْدَ إِنَّهَا سَاكِنَةٌ صَاحِيَةٌ و قَمَرَهَا سَاطِع
"Ол түн ыстық та, суық та болмайды. Сондай-ақ ол тыныш әрі бұлтсыз болады. Ол түнгі ай жарық болады"[20].
`Убада ибн Самиттен Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қадір түнінің белгілері туралы былай деп айтқаны жеткізіледі: "Қадір түні тұнық әрі жарық болып, айдың өзі бейне бір нұрға толы болады. Ол түн, суық та ыстық та емес, тыныш та жайлы болып,таң атқанша жұлдыздардың ағып түсуіне тиым салынады. Бұл түннің тағы бір белгісі, таңертең күн сәулесі, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға күнмен бірге жарыса шығуларына рұқсат етілмейді"[21].
Книга в руках  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Қадір түнінде оқылатын дұғалар
Жаңалықтар
0