16 наурызда Шаңырақ күні аталып өтеді

© Sputnik / Владимир Пирогов / Медиабанкке өтуУстановка юрты
Установка юрты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2025
Жазылу
Наурызнаманың онкүндігінде бұл күн отбасылық құндылықтарға арналған
АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. 16 наурыз Наурызнама жалпыұлттық мейрамы іс-шаралары аясында Шаңырақ күні ретінде аталып өтеді.
Наурызнаманың онкүндігінде бұл күн отбасылық құндылықтарға арналған.
Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп. Ерлердің отбасын құратын орташа жасы 27,9 жас болса, әйелдердікі 25,2 жас.
Шаңырақ – отбасының символы, береке мен бірліктің бастауы. Қазақ халқы үшін шаңырақ – киіз үйдің күмбезі ғана емес, ол отбасының берекесі мен татулығы және ұрпақтар сабақтастығының айқын символы.
Қазақ әкенің үйін "Қара шаңырақ" деп атайды, ол кенже ұлға мұра болып қалады. Әдетте жас жұбайлардың ұрпағы көп болып, өз әулетін жалғастырсын деген ниетпен оларға "Шаңырағың биік болсын!" деген тілек айтады.
Наурыз көже - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Наурыз көже қалай дайындалады
Жаңалықтар
0