Алматы облысында шина зауыты өртеніп жатыр - оқиға орнына министр барды

© МЧС КазахстанаПожар на заводе шин в Алматинской области
Пожар на заводе шин в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Жазылу
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі барды
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Алматы облысында шина шығаратын зауытта өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Зауыт Талғар ауданындағы Жаңалық ауылында орналасқан. Өрт қатты болып тұр.
"Өртті сөндіру жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделенуде", - дейді құтқарушылар.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ал өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі дабылмен келіп жетті.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің өзі барды. Министр өртті сөндіру жұмыстарын басқаруға кірісті.
Оралдағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Оралда өрт кезінде анасы мен баласы үй ішінде қалып қойған
Жаңалықтар
0