Оралда өрт кезінде анасы мен баласы үй ішінде қалып қойған

© Photo : МЧС КазахстанаОралдағы өрт
Оралдағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
Үш пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Оралда өрт кезінде үш жасар бала мен оның анасы құтқарылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік хабарлағандай, түнде Татарский көшесінде орналасқан үш пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан.
"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер барлау барысында үйде әйел мен баланың қалғанын анықтады. Өрт сөндірушілер төбесі жанып жатқан үйге кіріп, өр құрсауында қалғандарды тапты. Құтқарушылар қыз бала мен анасын далаға алып шықты", - деп хабарлады ТЖМ.
Өрт 70 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өскемендегі өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Астанада жиһаз цехында өрт шықты
Жаңалықтар
0