Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Сыр бойында өтеді

© Photo : АқордаҰлттық құрылтай отырысы
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр.
"Бүгінгі құрылтай осы тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Осы ретте құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын", - деді Тоқаев.
Айта кетері, ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында президент бір ғасыр бұрын қазақтың атауын қайтарған саяси науқанды еске алды.
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Қазақ халқы өзгелерден кем емес, артық та емес – Тоқаев
Жаңалықтар
0