Қазақ халқы өзгелерден кем емес, артық та емес – Тоқаев

© Photo : АқордаҰлттық құрылтай отырысы
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Президент қазақтың өз атауы қайтарылған күнді ұмытпауға үндеді
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында бір ғасыр бұрын қазақтың атауын қайтарған саяси науқанды еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Сондай-ақ халқымыздың "қазақ" деген байырғы атауы да бір ғасыр бұрын қайтарылды.
"Бірақ осыдан бір ғасыр бұрын ұлтымыздың өз атауының оралуы тарихи әділдік орнату жолындағы маңызды қадам болғанын ашық айтуымыз керек. Бұл істе сол кездегі үкімет басшысы Сәкен Сейфуллин айрықша рөл атқарды. Ол "Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік" деген мақала жазып, арнайы идеологиялық науқанды бастап берді. Мұндай маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент көрнекті қаламгер Төлен Әбдіктің жыл басында "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатын да ерекше атап өтті. Жазушы "Атаның баласы болма, адамның баласы бол" деп, орынды пікірін айтқан.
"Осы жерде айтарым: өз ұлтыңды өзгелерден биік қою түптің түбінде жарға жығады. Қазақ халқы өзгелерден кем емес, бұл – ақиқат, бірақ артық та емес деп айтуымыз керек. Қазақ халқын данышпан деп айтсақ, қателеспейміз. Дегенмен дүние жүзінде данышпан халықтар аз емес. Бұл да – ақиқат. Мұндай пікір кейбір адамға ұнамауы мүмкін. Алайда көпшіліктің көңілінен шығамын деп, тура сөзден жаңылуға болмайды. Шын мәнінде әр ел басқа жұрттан даму деңгейіне қарай озбақ",- деп атап өтті Тоқаев.
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
"Енді ахуалды түзету қажет": Тоқаев үкіметке шұғыл тапсырма берді
Жаңалықтар
0